БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11270 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
3-тарау жаңа редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету
Р/с № | Күзет объектілерінің (бөлімнің, бөлімшенің) атауы және олардың сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Иттердің санаты | ||||||||
Іздеуші | Патрульлдік-іздеуші | Қарауылдық | Есірткі іздеуші | Жарылғыш заттарды іздеуші | Шабуылдаушы | Асыл тұқымды | Күшіктер | Жөндеудегі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1-параграф. Маңызды мемлекеттік объектілерді күзету жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
1. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объект | бірлік | 2 | 3 | - | - | 2 | - | - | - | - |
2. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті | бірлік | - | 3 | - | - | 2 | - | - | - | - |
2-параграф. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
3. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты өндірістік объект | бірлік | 2 | 4 | 7 | 1 | - | - | - | - | - |
4. | Жеке тұрақты өндірістік объект, бір ауысымда жұмыс істейтін тұрақты құрылыс және уақытша объект | бірлік | - | 3 | 6 | - | - | - | - | - | - |
5. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті | бірлік | - | 3 | - | 1 | - | - | - | - | - |
6. | Өмір бойына бас бостандығынан айырылған және өлім жазасына кесілген сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі 1 корпусқа | бірлік |
| 2 | - | - | - | - | - | - | - |
7. | Объектіні тәуліктік күзетуді жүзеге асыратын бөлімшенің із кесу тобы | бірлік | - | 1 | - | - | - | - | - | - | - |
3-параграф. Айдауылдау жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
8. | Айына қарсы қарауылдарды тағайындаған кездегі айырбастау пункті: | ||||||||||
1) 10-ға дейін | бірлік | - | 1 | - | - | - | - | - | - | - | |
2) 15-ке дейін | 1 | 1 | - | - | - | - | - | - | - | ||
3) 20-ға дейін | 1 | 2 | - | - | - | - | - | - | - | ||
4) 25-ке дейін | 1 | 3 | - | - | - | - | - | - | - | ||
5) 25-тен астам | 1 | 4 | |||||||||
9. | Сотталғандар мен күзетпен ұсталатын адамдарды сот және жоспарлы темір жолдық, автожолдық қарауылдарында айдауылмен алып жүруді жүзеге асыратын бөлімше | бірлік | 1 | 1 | - | 1 | - | - | - | - | - |
4- параграф. Арнайы моторландырылған әскери бөлімдер (бөлімшелер) мен жедел мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
10. | Жедел мақсаттағы батальон | бірлік | 1 | 4 | - | - | - | - | - | - | - |
11. | Жедел мақсаттағы бөлімнің (бөлімшенің) әскери жедел резерві | бірлік | - | - | - | 1 | 1 | - | - | - | - |
5-параграф. Арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
12. | Арнайы мақсаттағы әскери бөлім (жасақ) | бірлік | 1 | - | - | - | 1 | 4 | - | - | - |
13. | Арнайы мақсаттағы топ | бірлік | 1 | - | - | - | 1 | 1 | - | - | - |
6-параграф. Кинологиялық орталық, қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомнигі | |||||||||||
14. | Кинология қызметінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу взводы (тобы) | бірлік | 1 | - | - | - | - | - | - | - | 1 курсантқа |
15. | Қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомнигі (асыл тұқымды иттері бар бөлімше), мынадай есеппен: | ||||||||||
1) бес асыл тұқымды итке | бірлік | - | - | - | - | - | - | - | 15 | 10 | |
2) он асыл тұқымды итке | бірлік | - | - | - | - | - | - | - | 30 | 20 | |
3) он бес асыл тұқымды итке | бірлік | - | - | - | - | - | - | - | 40 | 30 | |
4) жиырма бес асыл тұқымды итке. | бірлік | - | - | - | - | - | - | - | 60 | 50 |
Ескертпе:
1. Бір кинолог-маманға бір қызметтік ит бекітіліп беріледі, ерекшелікті мыналар құрайды:
1) қарауылдық иттер – бір кинолог-маманға үш итке дейін бекітіліп беріледі;
2) есірткі іздеуші иттер – оларды қолдана отырып орындалатын қызметтік міндеттер болмашы көлемде болған кезде негізгі қызметтік мақсаты бойынша пайдаланылатын бекітілген қызметтік иті бар бөлімшенің бір кинолог-маманына бекітіліп беріледі;
3) қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомнигінде асыл тұқымды иттер мен күшіктерді (штат санында асыл тұқымды иттер бар бөлімшелерде) қызметтік жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету есебінен кинолог-маманға бекітіліп беріледі.
2. Оқу орталықтарындағы даярлау (қайта даярлау) курстарына кинолог-мамандар бекітіліп берілген қызметтік иттермен жіберіледі. Қажет болған жағдайда курсанттарға оқу орталығының иттері бекітіледі.
3. Қызметтік иттердің шекті жасы 8 жыл 3 ай болып табылады, одан кейін оның бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын арнайы комиссия айқындайды. Шекті жасқа толғаннан кейін қызметтік иттер қызметтік мақсаттарда пайдалануы бойынша басқа немесе белгіленген қызмет мерзімі өткеннен кейін денсаулық жағдайына, кемістігіне және кемтарлығына байланысты жұмыс қабілетін жоғалтуы салдарынан қызметтік мақсатта пайдалануға жарамсыз санатқа ауыстырылады, одан кейін есептен шығарылады".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Е.С. Ботақанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С. Ботақановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
М. Ахметжанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |