"Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 391 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылдың 21 шілдедегі № 238 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 65-баптарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 391 қаулысының күші жойылсын.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Е. Кенжеханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады