Қобда мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 137 ""Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 173 шешімі

      Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 137 ""Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-156 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      "Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде (бұдан әрі - Әдістеме):

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі, не ол болмаған жағдайда - персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (мәслихат аппаратының бас маманы) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссияның құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.";

      41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, мәслихат аппаратының бас маманы және басқа екі қызметшісі қол қоятын еркін нысанда акт жасалады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімдерде мемлекеттік органдардың интернет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады