2023 жылға Қобда ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 397 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға Қобда ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылғы 1қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Құлов

  Қобда ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "19"
желтоқсандағы № 397
қаулысына қосымша

2023 жылға Қобда ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 79 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Қызмет түрі

Қажетті мамандық




%

адам




1

"Қобда ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

21

2

1

1

Мемлекеттік басқару

жұмысшы

2

"Мырзабек" шаруа қожалығы

8

2

1

1

Мал шаруашылығы

жұмысшы

3

"Жалғас" шаруа қожалығы

10

2

1

1

Мал шаруашылығы

жұмысшы

4

"Береке" шаруа қожалығы

10

2

1

1

Мал шаруашылығы

жұмысшы

5

"Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

40

2

1

1

Шығармашылық, өнер саласындағы қызмет

жұмысшы

6

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

90

2

1

1

Денсаулық сақтау

жұмысшы

7

"Қобда аудандық ветеринариялық станциясы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

88

2

1

1

Мал шаруашылығы

жұмысшы

8

"Қобда аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2

1

1

Орман және жануарлар шаруашылығы

жұмысшы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады