Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 26.12.2023 № 288 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға Темір ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Темір ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіліенген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберу;
2) осы қаулыны Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданының әкімі | С. Аманбаев |
Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы № 254 қаулысына қосымша |
2023 жылға Темір ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ р/н | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1. | "Темір аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үй" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 2 | 2 |
Барлығы | 96 | 2 | 2 |