Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 226 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 45937 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамымен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 20 % (жиырма пайыз)) және "Қазақстан Фортескью" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 80 % (сексен пайыз)) пайдалы қазбаларды барлау үшін 2026 жылдың 19 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.".
2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Қ. Ақшолақ |