Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 157 "2022-2024 жылдарға арналған Бершүгір ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 маусымдағы № 262 шешімі. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 157 "2022-2024 жылдарға арналған Бершүгір ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;

      3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;

      2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

      1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге;

      2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.".

      2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады