БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден ісі, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі негіздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша кешенді жоспар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
"КЕЛІСІЛДІ" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің төрағасы _____________ О. Бектенов |
Кеден ісі, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі негіздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша кешенді жоспар
№ р/с | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімдері | Жауапты орындаушылар | Ескертпе | |
1. Кеден ісі саласындағы | ||||||
Кедендік операцияларды автоматтандыру | ||||||
1.1 | Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген кезде тәуекелдерді автоматтандырылған бағалауды іске асыру | "АСТАНА-1" АЖ-да тәуекелдің автоматтандырылған бейіндерін енгізу жөніндегі хаттама | 2022 жылғы шілде | ҚР ҚМ | Кедендік бақылау шаралары туралы шешім қабылдау кезінде адами факторды алып тастау | |
1.2 |
"Тауарларды сақтау құжаты" модулін түрлендіру (ТСҚ), бөлігінде: | пайдалануға беру актісі |
2022 жылғы тамыз | ҚР ҚМ |
2022-2023 жылдарға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру. | |
1.3 | Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау мақсатында тексерілетін тұлғаларды таңдауға арналған тәуекел дәрежесінің критерийлерін өзектендіру | ҚР ҚМ МКК 2021 жылғы 19 мамырдағы №277-қбпү бұйрығына өзгерістер енгізу | 2022 жылғы қараша | ҚР ҚМ | Пост-кедендік бақылау барысында ТБЖ қолдану арқылы шешімдер қабылдау және дискрециялық өкілеттіктерді алып тастау бойынша жүйелі тетіктерді іске асыру | |
1.4 | Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау объектілерін таңдауды автоматтандыру бөлігінде тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру | "ТБЖ" АЖ-да "Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекел дәрежесінің критерийлері бойынша автоматтандырылған есеп" тәуекел моделін өзектендіру | 2022 жылғы қараша | ҚР ҚМ | Оларға қатысты кешенді тексеру тағайындалатын адамдарды анықтау кезінде адами факторды және араласуды болдырмау | |
1.5 | Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден заңсыз босатуды, сондай-ақ оларды заңсыз беруді немесе сатуды анықтауға бағытталған импортталған тауарлар бойынша тәуекел бейіндерін өзектендіру | тәуекел бейіндерін өзектендіру | 2022 жылғы қараша | ҚР ҚМ | Кедендік төлемдерді төлеу және жеңілдікті тауарларды басқа тұлғаларға беру бойынша жеңілдіктерді заңсыз қолдануды анықтау | |
1.6 | "АСТАНА-1" АЖ-да электрондық кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актісін жасау | пайдалануға беру актісі |
2023 жылғы | ҚР ҚМ |
2023 жылға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру. | |
1.7 | ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №3 және 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №289 шешімімен бекітілген құрылымы мен форматы, өзгерістер енгізу тәртібі мен нысаны бойынша тауарларға арналған декларацияны түзетудің (ТДТ) электрондық құжатын іске асыру бөлігінде "Тауарларды декларациялау" кіші жүйесін түрлендіру | пайдалануға беру актісі | 2022 жылғы желтоқсан | ҚР ҚМ |
2022 жылға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру | |
1.8 | "Астана-1" АЖ-ның "ЭШФ" АЖ-мен тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштен мәліметтерді беру бөлігінде интеграциясын түрлендіру | пайдалануға беру актісі | 2022 жылғы желтоқсан | ҚР ҚМ |
2022 жылға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру. | |
1.9 | "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе" АЖ арқылы кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру | пайдалануға беру актісі | 2022 жылғы желтоқсан | ҚР ҚМ |
"Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе" АЖ-ны іске асыру жөніндегі келісімшарт шеңберінде қаржыландыру. | |
1.10 | Тауарларды сыныптау кезінде тәуекелдерді әкімшілендіруге және анықтауға мүмкіндік беретін тауарлардың сыныптамасын бақылау шеңберінде қабылданған "АСТАНА-1" АЖ-ға, "Сыныптамалық шешімдер кітапханасына" енгізу | функционалдың іске қосылуы | 2023 жылғы желтоқсан | ҚР ҚМ |
2023 жылға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру. | |
Кедендік операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету | ||||||
1.11 | ҚР ҚМ МКК-нің ресми ресурстарында өзекті баға ақпаратын жариялау | ҚР ҚМ МКК сайтында жариялау |
тұрақты | ҚР ҚМ | Кедендік құнның болжамдылығы мен транспаренттілігін және оны айқындау мен бақылау кезінде кедендік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету | |
1.12 | Кеден және салық саласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің нәтижелерін, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру, әдіснамалық және бақылау жұмысының нәтижелері туралы жариялау | ҚР ҚМ МКК сайтында жариялау | тұрақты | ҚР ҚМ | Қоғамдық мониторингті күшейту, мемлекеттік кірістер органдарының ашықтық деңгейін арттыру | |
1.13 | Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық фактілері туралы БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды мониторингілеу және тиісті ден қою шараларын қабылдау |
ҚР ҚМ МКК төрағасына ақпарат | тұрақты | ҚР ҚМ | Сыбайлас жемқорлық көріністеріне дереу ден қою шараларын қабылдау | |
1.14 | Жүктемені ескере отырып, кедендік бақылау функцияларын жүзеге асыру бойынша шекара маңындағы кеден бекеттері мен СЭҚ лауазымды адамдарын кездейсоқ іріктеу әдісімен автоматты бөлу тетігін әзірлеу және енгізу (тауарларға арналған декларацияларды, транзиттік декларацияларды, ХПЖ, жолаушылар ағынын ресімдеу, тексеріп қарауды жүргізу және т. б.) | пилоттық жоба Түркістан және Маңғыстау облыстарының МКД; ҚР ҚМ МКК төрағасына пилоттық жобаның қорытындылары және одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат |
2022 жылғы шілде-желтоқсан | ҚР ҚМ | Кедендік операциялар және кедендік бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін лауазымды тұлғаларды тағайындау кезінде дискрециялық өкілеттіктерді алып тастау | |
1.15 | Талап қою мерзімі ішінде тауарларды шығарғаннан кейін бұзушылықтарды анықтау жөніндегі іс-қимылдар алгоритмін (регламентін) белгілеу | 2019 жылғы 24 мамырдағы камералдық кедендік тексерулер жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу | 2022 жылғы желтоқсан | ҚР ҚМ | Камералдық кедендік тексерулер жүргізу кезінде Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының іс-қимылдарын регламенттеу | |
Кедендік инфрақұрылымды жаңғырту | ||||||
1.16 |
Алматы облысы бойынша МКД "Нұр жолы" өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесін жасау: |
ҚР ҚМ МКК бұйрығы; |
2022 жылғы | ҚР ҚМ | Шекарадағы электрондық кезек жүйесінің ашықтығын және тең жағдайларын қамтамасыз ету, түзету мүмкіндігін болдырмау | |
1.17 | ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерін ("Алакөл", "Көлжат", "Майқапшағай", "Бақты", "Қапланбек", "Қазығұрт", "Атамекен", "Тәжен", "Темір баба") және Бас диспетчерлік басқарманы (Ахуалы орталық) жаңғыртуды және техникалық жарақтандыруды аяқтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | ҚР ҚМ |
Қаржыландыру ратификацияланған Негіздемелік келісім шеңберінде көзделген (18.05.2019 ж. №257-VI ҚР Заңы). Жобаның құны 115,4 млрд.теңге (205 "Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру" бағдарламасы, 004 "Сыртқы қарыздар есебінен" кіші бағдарламасы). | |
Ішкі бақылау шараларын жетілдіру | ||||||
1.18 | "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдерін тарта отырып, Мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
ҚМ МКК Төрағасына талдамалық анықтама; | 2022 жылғы маусым | ҚР ҚМ | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою | |
1.19 | Бар штат саны шегінде негіздемелерді және оларды құрудан күтілетін тиімділікті ұсына отырып, бірінші басшыға тікелей бағынатын аумақтық МКД-да ішкі бақылаудың дербес бөлімшелерін құру қажеттілігін қарау | мемлекеттік кірістер органдарының құрылымын өзгерту бөлігінде ҚР Қаржы министріне ұсыныстар енгізу | 2022 жылғы қазан | ҚР ҚМ | Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында ведомстволық бақылауды күшейту | |
Кадрлық жұмысты жетілдіру | ||||||
1.20 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және жоғары этикалық және кәсіптік стандарттарды қолдау бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне ҚР ҚМ МКК-нің Оқұ-әдістемелік орталығының базасында тренингтер ұйымдастыру және оқыту | ҚМ МКК тренингтер өткізу және оқыту жоспарын бекіту туралы |
2022 жылғы | ҚР ҚМ | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру | |
1.21 |
Мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, персоналды жалдау жөніндегі конкурстық комиссия мүшелерін іріктеу қағидаларын әзірлеу: | ҚР ҚМ МКК Төрағасының бұйрығы | 2022 жылғы тамыз | ҚР ҚМ | Персоналды іріктеу процесінде фаворитизм, непотизм, қамқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністеріне ықпал ететін себептерді, жағдайларды және ашық емес рәсімдерді жою | |
1.22 | Әлеуметтік қорғалуы және Мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін арттыру жөнінде шаралар қабылдау: базалық айлықақысына үстемеақымен және бірыңғай нысанды киім-кешекті енгізумен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін сыныптық шендер енгізу | Қазақстан Республикасы туралы Үкіметке ұсыныс | 2022 жылғы шілде | ҚР ҚМ | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою | |
1.23 | Шекара маңындағы кеден бекеттерінің қызметкерлері үшін қызметтік көлік және қызметтік тұрғын үй беру бөлігінде әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету туралы мәселені қарастыру | ҚР ҚМ МКК төрағасына ақпарат |
жарты жылда | ҚР ҚМ | Шекара маңындағы өткізу пункттерінде тұрғын үй мен көлікті қамтамасыз ету бойынша қосымша көздерді іздеу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау (тасымалдау, орендалық тұрғын үймен немесе жатақханамен қамтамасыз ету) | |
Жеке сектормен өзара іс-қимыл | ||||||
1.24 | Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша СЭҚ қатысушыларымен Консультативтік кеңестің отырыстарын өткізу | отырыс хаттамалары | жарты жылда кемінде 1 рет | ҚР ҚМ | Кеден ісі саласындағы операциялық және жүйелі проблемалық мәселелерді шешу бойынша СЭҚ қатысушыларымен диалогты және кері байланысты қамтамасыз ету, бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру | |
1.25 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және кедендік парасаттылық деңгейін айқындау бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының әдістемесі (кедендік парасаттылықты қабылдауды бағалау) бойынша СЭҚ қатысушылары мен мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне әлеуметтік зерттеу/ сауалнама жүргізу мәселесін қарау | әлеуметтік зерттеу/ сауалнама жүргізу |
2022 жылғы | ҚР ҚМ |
Донорлар қаражаты есебінен қаржыландыру. | |
Басқа да бақылаушы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл | ||||||
1.26 | Жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік (ЖПАК) құралдары туралы мәліметтерді беру бойынша "ӘІЖБТ" АЖ-мен (ҚР БП) интеграциялау бөлігінде "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру | пайдалануға беру актісі | 2022 жылғы қараша | ҚР ҚМ |
2022 жылға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру. | |
1.27 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Мемлекеттік кірістер органдарының деректер базаларына және ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті ұсыну мәселесін пысықтау | ҚР СЖҚА-не ұсыныстар | 2022 жылғы қараша | ҚР ҚМ | Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 57-тармағын іске асыру шеңберінде | |
1.28 | Өткізу пункттерінде көліктік бақылау жүргізу және ҚР ИИДМ Көлік комитетіне/дан мәліметтерді жіберу/алу мақсатында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің "көліктік деректер базасы" ақпараттық автоматтандырылған жүйесімен интеграциялау бөлігінде "АСТАНА-1" АЖ пысықтау | пайдалануға беру актісі | 2023 жылғы наурыз | ҚР ҚМ |
2022 жылға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру. | |
Халықаралық кедендік ынтымақтастық | ||||||
1.29 | Түрік Республикасының уәкілетті органдарымен ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім жасасу | келісімі | 2022 жылғы шілде | ҚР ҚМ | Қазақстан мен Түркияның кедендік деректерін салыстыру; кедендік декларацияларда мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын бақылау | |
1.30 |
Тәжікстанның уәкілетті органдарымен тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтер алмасуды ұйымдастыру туралы келісім жасасу: |
келісім жобасы; |
2022 жылғы шілде | Қазақстан мен Тәжікстанның кедендік деректерін салыстыру; кедендік декларацияларда мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын бақылау | ||
1.31 | Тауарларды кедендік тазарту кезінде сәйкестік сертификаттарының түпнұсқалығын автоматты түрде тексеру мақсатында "АСТАНА-1" АЖ-ны ЕАЭО сәйкестік сертификаттарының бірыңғай тізілімімен интеграциялау | пайдалануға беру актісі | 2022 жылғы желтоқсан | ҚР ҚМ |
2022 жылға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру. | |
1.32 | ЕАЭО-ның жалпы процесін іске асыру бөлігінде "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру: (15) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкелінген және осындай аумақтан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын (ХТКҚ) есепке алу және бақылау процесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету | пайдалануға беру актісі | 2022 жылғы желтоқсан | ҚР ҚМ |
2022 жылға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру. | |
1.33 | Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кедендік транзит рәсімі кезінде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Байланыс және бақылау жүйесін орнату | ЕАЭО келісімі | 2022 жылғы желтоқсан | ҚР ҚМ | ҚР аумағы бойынша тауарларды транзиттік өткізу кезінде жүктердің тасымалдануы мен тұтастығына бақылауды қамтамасыз ету | |
1.34 | Транзит рәсімінде тараптардың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала деректермен алмасу бөлігінде "АСТАНА-1" АЖ Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграциясын түрлендіру | пайдалануға беру актісі | 2022 жылғы желтоқсан | ҚР ҚМ |
2022 жылға арналған "АСТАНА-1" АЖ түрлендіру жоспары шеңберінде қаржыландыру. | |
1.35 | ҚР ҚМ МКК үшін ДКҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы диагностикасының 2-кезеңін өткізу | ДКҰ миссиясы | 2023 жылғы наурыз | ҚР ҚМ | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы диагностиканың 1-кезеңінің қорытындысы бойынша ұсынымдарды ҚР ҚМ МКК іске асыруды бағалау бойынша ДКҰ миссиясының есебі (2019 жылғы наурыз) | |
2. Құрылыс саласында | ||||||
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар | ||||||
2.1 | "Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығына субъектілердің ең төменгі материалдық-техникалық жарақтандырылуын айқындау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ҚР ИИДМ Бұйрығы |
2022 жылғы | ҚР ИИДМ | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде лицензиялар беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алып тасталады | |
2.2 | Қызметкерлер мен тарихи деректер туралы мәліметтерді қамтитын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиаттардың тізілімін жасау | лицензиаттар тізілімі | 2022-2023 жылдар |
ҚР ИИДМ | Осы шараларды іске асыру құрылыс және жобалау ұйымдары қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді, өйткені барлық деректерге ашық қолжетімділік болады | |
2.3 | Бизнес-процестерді ақпараттық жүйелерді интеграциялау жолымен автоматтандыру, оның ішінде "Е-Qurylys" АЖ | ПӘ-ге ақпарат (жүйелерді автоматтандыру және интеграциялау мүмкіндігін талдау және зерделеу) | 2022-2023 жылдар | ҚР ИИДМ | Технологиялық процестердің ашықтығын арттырады, бақылаудың тиімділігін арттырады, құжат айналымының мерзімін қысқартады және объектіні пайдалануға қабылдау рәсімін жеңілдетеді | |
2.4 | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау үшін тест сұрақтарының жаңа жинағын әзірлеу және бекіту | жинақ |
2022 жылғы | ҚР ИИДМ | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмейді | |
2.5 | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау кезінде орталықтандырылған ақпараттық жүйеде тестілеуді ұйымдастыру | ақпараттық жүйе |
2022 жылғы | ҚР ИИДМ | ||
2.6 | "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына Мемлекеттік сараптама ұйымының функциясын бере отырып, қала құрылысы жобаларына міндетті кешенді қала құрылысы сараптамасын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | заң жобасы | 2022-2023 жылдар | ҚР ИИДМ | Жоғары сұранысқа ие жер учаскелерін беру кезінде құрылыс компанияларының мүдделерін қолдауға жол бермеуге мүмкіндік береді | |
2.7 | "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына Тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтау және инвесторды іріктеу тетігі бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін бекіту жөніндегі уәкілетті органға функция беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
заң жобасы, |
2023 жылғы | ҚР ИИДМ |
1) жосықсыз инвесторларды тарту тәуекелін, үлестестігін болдырмайды; | |
2.8 | "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына құрылысты жоспарлауды, жобалауды, сондай-ақ цифрландыруды бақылауды күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | заң жобасы | 2022-2023 жылдар | ҚР ИИДМ | Пайдаланылатын материалдардың сапасын және орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді | |
2.9 | Құрылыстың шекті құнының нормативтерін әзірлеу және бекіту | ҚР ИИДМ бұйрығы |
2022 жылғы | ҚР ИИДМ | Құрылысқа мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын құрылыс объектілері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) жобалары және бюджет қаражаты есебінен инвестициялық шығындарды өтеуді көздейтін басқа да қаржыландыру көздері бойынша құрылыстың сметалық құнының лимиттерін белгілеу | |
2.10 | Құрылыс үшін құн бағасының индекстерін әзірлеу және енгізу | ҚР ИИДМ бұйрығы |
2022 жылғы | ҚР ИИДМ | Болжамды деңгейде сметалық құнын дұрыс есептеуді қамтамасыз ету мақсатында | |
2.11 | Құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына ағымдағы деңгейде сметалық бағалар жинақтарын әзірлеу | жинақ | 2022 жылғы тоқсан сайын | ҚР ИИДМ | Құрылыс материалдарына сметалық бағаларды өзектендіру үшін тоқсан сайын ағымдағы деңгейде құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына сметалық жинақтар шығарылады | |
2.12 | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бөлінетін қаражат шеңберінде өзектендіру | ҚР ИИДМ бұйрығы |
2022 жылғы | ҚР ИИДМ | Олқылықтар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және ескірген талаптарды жойылады | |
Ішкі бақылау шаралары | ||||||
2.13 | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
ҚР ИИДМ |
2022 жылғы | ҚР ИИДМ | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою | |
2.14 | Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және жоғары этикалық және кәсіптік стандарттарды қолдау бойынша семинарлар өткізу | 2-жартыжылдыққа оқыту өткізу жоспарын бекіту |
2022 жылғы |
ҚР ИИДМ | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру | |
Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл | ||||||
2.15 | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына құрылыс жұмыстары бойынша шарттардың сомасына 10 еселенген мөлшерде, техникалық қадағалау бойынша 1 сарапшыға 10 млн. теңге мөлшерінде лимит белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізу | ҚР ПМК ұсыныс |
2022 жылғы |
ҚР ИИДМ |
1. Мердігердің нақты ресурстарына байланысты жұмыстарды орындау мүмкіндігін анықтау; | |
2.16 | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына орта және шағын объектілер бойынша ірі бизнестің конкурстарға қатысуын болдырмау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс енгізу (1 млрд.теңгеге дейін) | ҚР ПМК ұсыныс |
2022 жылғы |
ҚР ИИДМ | ШОБ бәсекелестігін тең жағдайда дамыту және арттыру | |
2.17 | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы көрсеткіштері үшін төленген салықтар мен преференциялар көрсеткіштері үшін бағалық емес өлшемшарттарды алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс енгізу (сатып алу үшін: құрылыс бойынша-60 млн-ға дейін; ЖСҚ және техникалық қадағалау үшін-6 млн-ға дейін) | ҚР ПМК ұсыныс |
2022 жылғы |
ҚР ИИДМ |
1. Мердігердің нақты ресурстарына байланысты жұмыстарды орындау мүмкіндігін анықтау; | |
2.18 | ЖСҚ-ға сәйкес материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы конкурстың міндетті талаптарын белгілеу бөлігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс енгізу | ҚР ПМК ұсыныс |
2022 жылғы |
ҚР ИИДМ | Ресурстары жоқ компанияларды капиталдандыру және конкурстарға жібермеу | |
2.19 | Конкурсқа мәлімделмеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу бөлігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс енгізу | ҚР ПМК ұсыныс |
2022 жылғы |
ҚР ИИДМ | Жосықсыз қосалқы мердігерлерді мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығару | |
2.20 | Жұмыс тәжірибесін екі және одан да көп компанияға берген жағдайда конкурсқа қатысушыларды депозитарийге қосуға тыйым салуды белгілеу бөлігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізу | ҚР ПМК ұсыныс |
2022 жылғы |
ҚР ИИДМ | Жосықсыз компанияларды шектеу және компанияның үлестестігін төмендету | |
2.21 | "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына ЖАО-ның мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау жөніндегі функцияларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізу | ҚР ПМК ұсыныс |
2022 жылғы |
ҚР ИИДМ, |
Құрылыс нормалары мен ережелерін бұзуды жасыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысын болдырмайды, бұл өз кезегінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. | |
2.22 | "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына объектідегі материалдық және еңбек ресурстарын бақылау жөніндегі техникалық қадағалаудың міндеттерін белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізу | ҚР ПМК ұсыныс |
2022 жылғы |
ҚР ИИДМ, |
Қосалқы мердігердің жұмыстарын қосалқы мердігерге заңсыз беруді анықтау және алып тастау | |
3. Білім беру саласындағы | ||||||
3.1 | Кезектіліктің және балаларға мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берудің бірыңғай базасын құру | Пайдалануға енгізу туралы акт | 2023 жыл | ҚР БҒМ | Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды есепке алу және мнектепке дейінгі орындарды бөлу бойынша бірыңғай ақпараттық база құру | |
3.2 | Электрондық түрде қызмет көрсету бөлігінде "электрондық үкімет" порталы арқылы қызметтерді түрлендіру және ұлттық білім беру деректер базасын "Өрлеу" БАҰО, "Дарын" РҒПО, Ұлттық тестілеу орталығымен қос интеграциялауды жүргізу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу | 2022-24 жылғы | ҚР БҒМ | Құжаттарды аттестаттаудан өтуге қабылдау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету, қағаз нұсқасын алып тастау | |
| Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары әзірлеу | ҚР БҒМ бұйрығы | 2022 жыл 4-тоқсан | ҚР БҒМ | Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында (мүдделер қақтығын болдырмау) | |
3.4 | Комиссия отырысын аудио және бейне тіркеуді, интернет-ресурста конкурс қорытындыларын жариялау мерзімдерін, өнім берушілермен шартты бұзу үшін талаптарды, өнім берушілердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидасындағы шарттық міндеттемелерді орнату бойынша қызметінің мониторингін енгізу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2022 жылғы | ҚР БҒМ | Жосықсыз өнім берушілердің қатысу фактілерін азайту | |
3.5 | "Қаржы орталығы" АҚ операторы арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін қаржыландыру | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2022 жылғы | ҚР БҒМ | Студенттің жоғары білім беруді қаржыландыруға тікелей қатысуы, қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету, қаржыландыру процесін автоматтандыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану (салымдарды үшінші тұлғаларды тұтқындаудан қорғау, қаражаттың қате аударылу қаупін жою) | |
3.6 | Стипендия төлеу жүйесін өзгерту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзшгерістер енгізу |
2022 жылғы | ҚР БҒМ | Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету, стипендия төлеу процесін автоматтандыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану (қаражатты қате аудару тәуекелдерін жою) | |
3.7 | Талапкерлерді қабылдаудың және мемлекеттік білім беру тапсырысын колледждерге орналастырудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер енгізу | 2022-2023 жылдар | ҚР БҒМ | Мемлекеттік білім беру тапсырысын қабылдау және орналастыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету (көрсетілетін қызметті алушымен байланысты болдырмау) | |
3.8 | Жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұымдарының білім туралы өзіндің үлгідегі құжаттарының нысаны мен дизайнын айқындауы және 5 жыл мерзімге бекітуі | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу | 2022 жылдың соңына дейін | ҚР БҒМ | Жалған дипломдардың қаупін азайту | |
Тәуекелдерді төмендетуге бағытталған іс-шара | ||||||
3.9 | Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу кезінде кездейсоқ таңдау әдісімен автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы сарапшыларды іріктеуді және тағайындауды енгізу | "Ғылым туралы" ҚРЗ түзетулер |
2023 жылғы | ҚР БҒМ | Сарапшыны қолмен таңдаусыз автоматты түрде таңдау (мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында) | |
3.10 | Баланың құқытарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алудың электрондық форматын енгізу (мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы) | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 412 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2023 жылғы | ҚР БҒМ | Ашықтылықты қамтмасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурстар өткізу (тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілі алынып тасталады) | |
3.11 | "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің функционалын кеңейту | сәтті тестілеу туралы акт |
2022 жылғы | "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінің кеңейтілген функционалы, мемлекеттік органдардың қызметін ықпалдастыру, жойылатын құжаттарды қысқарту | ||
3.12 | Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыруға бөлінетін шығыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қосу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгерістер енгізу | 2022 жылғы қараша | ҚР БҒМ | Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін есептеу кезінде бірыңғай тәсілді айқындау (қаржыланедыру ашықтығын қамтмасыз ету) | |
3.13 | Жоғары оқу орындарының жалпы санынан Академиялық адалдық лигасының қағидаттары мен талдау құралдарын енгізген жоғары оқу орындарының санын ұлғайту | ақпарат |
2022 жылғы | ҚР БҒМ | Нақты қағидаттар мен стандарттардың көмегімен білім беру сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктердің көмегімен оқыту сапасын жақсарту | |
3.14 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық білім беру деректер базасы "(ҰБДҚ) ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің "тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы білім беру ұйымдары бойынша тәуекел дәрежесін бағалау процесін автоматтандыру | сәтті тестілеу туралы және пайдалануға енгізу туралы акт |
2023 жылғы | ҚР БҒМ | Ақпараттық жүйелерді интеграциялау нәтижесінде тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізу кестелерін қалыптастыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйелері автоматтандырылады | |
3.15 | Білім беру ұйымдарында бұлтты бухгалтерияны енгізу | ҚР БҒМ бұйрығы | 2022-2023 жылдар | ҚР БҒМ | Қаржы тәртібіне бақылауды күшейту (бастақы деректер негізінде жедел және дұрыс мониторинпен қаматамасыз ету, жалақыны және басқада төлемдерді есептеу неғұрлым ашық болады, бұл жалақы төлеу мәселелері жөніндегі өтініштер санын, ОБДҚ-ны ингетрециялау есебінен білім беру ұйымдарындағы нақты контингентке сәйкес шығыстарды шарттық ескепке алуды қысқартады) | |
3.16 | Лауазымды тұлғалардың балаларды тамақтандыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу | ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне түзетулер енгізу |
2023 жылғы | БҒМ (ҚР ӘМ заң жобасы аясында) | Балаларды сапалы тамақтанумен қамтамасыз ету | |
3.17 | QR код арқылы апостиль мөртабанын қою мүмкіндігімен Е-Апостиль жүйесі арқылы "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін автоматтандыру | Сәтті тестілеу туралы және пайдалануға енгізу туралы акт |
2023 жылғы | ҚР БҒМ | Мемлекеттік қызметті Е-Апостиль жүйесі арқылы оңтайландыру, бұл QR код арқылы апостиль мөртабанын алуға мүмкіндік береді | |
3.18 | Аттестациялық істерді қарау және шешімдер қабылдау рәсіміне қойылатын талаптарды нақтылау | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2023 жылғы | ҚР БҒМ | Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу нәтижесінде аттестаттау істерін қарау және қайта дауыс беруде дауыстар тең болған жағдайда шешім қабылдау рәсімі жетілдіріліп, нақтыланатын болады | |
3.19 | Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін жетілдіру | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2023 жылғы | ҚР БҒМ | Біліктілік талаптарын жетілдіру процесінде шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі қысқартылатын болады | |
3.20 | Оқытуды басқару жүйесінің (LMS) ақпараттық жүйелермен (1С:Бухгалтерия, кадрлық есеп жүйесі) интеграциясын қамтамасыз ету және орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау кезінде тапсырыс бөлігінде берушінің тікелей қатысуы Бюджет қаражатын тиімді пайдалану ("өлі" жандар) | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2022 жылғы | ҚР БҒМ | "Өлі" жандардың пайда болу және жұмыс көлемін іс жүзінде орындамай актілерге қол қою тәуекелі алынып тасталады | |
4. Денсаулық сақтау саласындағы | ||||||
ДЗ және МБ сатып алуды өткізу және өткізу мәселелері | ||||||
4.1 | Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру | Үкімет қаулысы | 2022 жылғы шілде | ҚР ДСМ | "Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | |
4.2 | Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін бекіту | ҚР ДСМ бұйрығы | 2022 жылғы маусым | ҚР ДСМ МФБК | Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін бекіту | |
4.3 | Тауарларды оның қозғалысының барлық кезеңдерінде (әкелу, өндіру, өткізу) жан-жақты бақылау мақсатында тауарларды таңбалау және қадағалап отыру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу | тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Үкімет белгілеген мерзімде | ҚР ДСМ МФБК, ҚР ДСМ, ЖШС "СҚ-Фармация" | "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығына өзгерістер енгізу | |
4.4 | Төтенше жағдай кезінде дәрілік заттарды әкелуді негіздеуге қойылатын талаптарды белгілеу, оның ішінде бұрын берілген рұқсат беру құжаттарының күшін жою негіздемелерін енгізу және рәсімдерін реттеу | ҚР ДСМ бұйрығы | 2022 жылғы маусым | ҚР ДСМ МФБК | "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | |
4.5 | АЖ-ға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қажеттілігінің автоматтандырылған есебін енгізу | автоматтандырылған есептеу | 2022 жылғы қараша | ҚР ДСМ | Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қажеттілігінің автоматтандырылған есебін енгізу | |
4.6 | ДЗ бағасын тіркеу кезінде кедергілерді төмендету және құжат айналымын азайту | ҚР ДСМ бұйрығы | 2022 жылғы шілде | ҚР ДСМ | "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | |
Қызмет көрсету кезінде тәуекелдерді азайтуға бағытталған іс-шаралар | ||||||
4.7 | Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын қолдану кедергілерін төмендету | ҚР ДСМ бұйрығы | 2022 жылғы қараша | ҚР ДСМ | "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу | |
4.8 |
ТМККК/МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді олардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ете отырып, оның ішінде мыналар арқылы цифрландыруды дамыту: | ПӘ-ге ақпарат (жүйелердің автоматтандыруын және интеграциялауын талдау және зерделеу) | ПӘ сұратуы бойынша | ҚР ДСМ | Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруда) | |
4.9 | Карантиндік және шектеу шараларын енгізу кезінде тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесін айқындау | ҚР ДСМ бұйрығы | 2022 жылғы қараша | ҚР ДСМ | "Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығына карантиндік және шектеу шараларын енгізу кезінде тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесін айқындау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | |
4.10 | Айыппұл санкцияларын ұсынбай проактивті мониторингті кеңейту және қызмет көрсету сапасы мен көлемінің мониторингін одан әрі автоматтандыру | ҚР ДСМ бұйрығы | 2022 жылғы шілде | ҚР ДСМ | "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | |
4.11 | Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін бекіту | ҚР ДСМ бұйрығы | 2022 жылғы маусым | ҚР ДСМ СЭБК | Мониторингтік топтарды құруды және мониторингтік іс-шараларды жүргізу тәртібін реттейтін қағидаларды бекіту | |
4.12 | Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидаларын бекіту | ҚР ДСМ бұйрығы | 2022 жылғы қыркүйек | ҚР ДСМ | "Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-19 бұйрығына өзгерістер енгізу Жобада денсаулық сақтау саласында, оның ішінде резидентурада | |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және анықтау жөніндегі іс-шаралар | ||||||
4.13 |
Денсаулық сақтау министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды мынадай бағыттар бойынша жүргізу: | Аналитикалық анықтама, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылар бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту | 2022 жылғы шілде-тамыз | ҚР ДСМ | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында іс-шаралар өткізу | |
4.14 | 2021 жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды орындау тиімділігінің мониторингі | ҚР ДСМ басшылығына ұсыныстармен талдамалық анықтама | 2022 жылғы 2-тоқсан | ҚР ДСМ | Жүргізілетін талдаудың тиімділігін бағалау мақсатында мониторинг жүргізу | |
4.15 | ҚР ДСМ, "ӘлМСҚ" КеАҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС, ҚР ДСМ СЭБК және ҚР ДСМ МФБК жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды орындау тиімділігінің мониторингі | ҚР ДСМ басшылығына ұсыныстармен талдамалық анықтама | 2022 жылғы 2-тоқсан | ҚР ДСМ | Жүргізілетін талдаулардың тиімділігін бағалау мақсатында мониторинг жүргізу |
Ескертпе: аббревиатуралардың тізімі:
АЖ – ақпараттық жүйе
АКҚ – автокөлік құралы
"АСТАНА-1" АЖ – "Кеден және салық әкімшілендіру автоматтандырылған жүйе-1" акпараттық жүйесі
"Атамекен" ҚР ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкер палатасы
"ӘМСҚ" КеАҚ – "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ӘІЖБТ АЖ – "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесі
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
БАҰО – Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
ДЗ – дәрілік заттар
ДКҰ – Дүниежүзілік кеден ұйымы
ЕЭК – Еуразиялық экономикалық комиссия
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ
ЖОО – жоғары оқу орны
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
ЖОО – жергілікті орындау органдары
ЖСҚ - жобалық-сметалық құжаттар
ҚР ӘҚБтК - Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі
ҚР БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ МФБК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті
ҚР ДСМ СЭБК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
ҚРЗ – Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ҚР ҚМ – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚР ҚМ МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
ҚР ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ҚР ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кенсесі
ҚР СЖҚА – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚР ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
МБ – медициналық бұйымдар
МКД – Мемлекеттік кірістер департаменті
МТНБ – мелекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
РҒПО – республикалық ғылыми-практикалық орталығы
СЭҚ - сыртқы экономикалық қызмет
СЭҚ ТН - сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
ТД - тауар декларациясы
ТД ЭК – транзиттік декларацияның электронды көшірмесі
ТБЖ - тәуекелдерді басқару жүйесі
ТБЖ АЖ – "Тәуекелдерді басқару жүйесі" ақпараттық жүйесі
ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
ХПЖ - Халықаралық почта жөнелтімдері
ЭДО - Электронды декларациялау орталығы
ЭШФ АЖ – "Электронды шот-фактуралар" акпараттық жүйесі