"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 694 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналарға:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бөкей ордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      мемлекеттік тілінде тақырыбына өзгерістер енгізіледі, орыс тілінде мәтіні өзгермейді;

      221), 222), 223), 224), 225) және 225-1) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "221) осы бұйрыққа 221-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментi туралы ереже;

      222) осы бұйрыққа 222-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже;

      223) осы бұйрыққа 223-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже;

      224) осы бұйрыққа 224-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже;

      225) осы бұйрыққа 225-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже;

      225-1) осы бұйрыққа 225-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Байқоныр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментi туралы ережеде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментi туралы ереже";

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) салаларда мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті аумақтық органы болып табылады:";

      8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: пошталық индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 52.

      9. Департаменттің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі".";

      Департаменттің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы."

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) салаларда мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті аумақты органы болып табылады:";

      8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, А. Жұбанов көшесі, 16.

      9. Басқарманың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) салаларда мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті аумақты органы болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 52.

      9. Басқарманың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже";

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) салаларда мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті аумақты органы болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 33.

      9. Басқарманың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже";

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) салаларда мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті аумақты органы болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, М. Әуезов көшесі, 34.

      9. Басқарманың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже";

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) салаларда мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті аумақты органы болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш. Айманова көшесі, 6.

      9. Басқарманың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы туралы ережеде:

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. БДБ орналасқан жері: пошта индексі 001000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11.";

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакциясында жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы туралы ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдерінде жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Аумақтық органдардың және мемлекеттік мекемелерінің басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын;

      2) осы бұйрықтың аумақтық органдардың және мемлекеттік мекемелерінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (М.С. Қыстаубаева) осы бұйрықты аумақтық органдардың және мемлекеттік мекемелерінің назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің Төрағасы
Д. Жанәлінов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитеті төрағасының
2022 жылғы "__" _______
№ ___ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитеті төрағасының м.а
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 595 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы (бұдан әрі – Орталық кеден зертханасы) Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік сараптамаларды жүргізу бойынша функцияларды және өзге функцияларды орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мамандандырылған мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      2. Орталық кеден зертханасы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Орталық кеден зертханасы республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Орталық кеден зертханасы өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Орталық кеден зертханасы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тарапы ретінде түсуге құқығы бар.

      6. Орталық кеден зертханасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамасымен белгіленген тәртіппен Орталық кеден зертханасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Орталық кеден зертханасының құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Орталық кеден зертханасының орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 60.

      9. Орталық кеден зертханасының толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы" Республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Орталық кеден зертханасының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Орталық кеден зертханасының қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Орталық кеден зертханасына Комитет өкiлеттіктерi болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Орталық кеден зертханасына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жолданады.

2-тарау. Орталық кеден зертханасының міндеттері, құқықтары және міндеттемелері

      13. Міндеттері:

      1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;

      2) өз құзыреті шегінде ЕЭО мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

      3) ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;

      4) кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      5) ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдарына, құжаттарға, басқа да объектілерге, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес оларды сыныптау үшін кедендік сараптама және зерттеу жүргізу;

      6) Орталық кеден зертханасының құзыретіне сәйкес қызметтің лицензияланған түрлерін жүзеге асыру;

      7) сараптама қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауда көмек көрсету;

      9) сараптама қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;

      9-1) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      14. Орталық кеден зертханасының құқықтары мен міндеттемелері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан Орталық кеден зертханасына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын пайдалануды жүзеге асыру;

      Комитетке кеден ісі саласындағы сараптама қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде тәуекел бейіндерін әзірлеуге және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;

      Орталық кеден зертханасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат және түсіндірулер беру;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттемелері:

      кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысу;

      кеден сарапшысының (сарапшының) қорытындысына сұрақтар қойылмаған, кедендік мақсаттар үшін маңызы бар мән-жайлар туралы тұжырым енгізу;

      олардың жарамдылығы және дұрыстығы сақталған кезде кедендік сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгілерге зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде кеден сарапшысының (сарапшының) қорытындысын ұсыну;

      кедендік сараптама жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтерді таратпау, оларды өзге де мақсаттарда пайдаланбау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермеу;

      белгіленген кедендік сараптаманы жүргізу мерзімдерін сақтау;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды дербес анықтау, жолын кесу, ескерту бойынша жұмыстар жүргізу;

      Орталық кеден зертханасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізу;

      материалдармен танысу, ұсынылған сынамалар мен үлгілерге олардың жарамдылығы мен дұрыстығы сақталған кезде зерттеу жүргізу, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерін сақтау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.

      15. Функциялар:

      1) ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;

      2) құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы басқа мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      4) лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыру;

      5) Орталық кеден зертханасы қызметінде сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, жетілдіру және енгізу;

      6) ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдарына, құжаттарға, сондай-ақ басқа да объектілерге кедендік сараптаманы және зерттеуді жүзеге асыру;

      7) аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін ведомстволық, жеке, дозиметриялық бақылауды жүргізу;

      8) Орталық кеден зертханасы өлшеу құралдарының метрологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      9) сатып алу және стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды өзектендіруді қамтамасыз ету;

      10) кеден ісі саласындағы сараптама қызметі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру;

      11) зертханааралық салыстыру және (немесе) салыстырмалы сынақтарды өткізу;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес сынақ зертханасы ретінде құзыреттілікті растауға арналған іс-шараларды жүзеге асыру;

      13) Орталық кеден зертханасы қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстарды жолдау;

      14) Орталық кеден зертханасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      15) Орталық кеден зертханасы қызметінің саласындағы әдістемелік құжаттарды әзірлеу;

      16) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүзеге асыру;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Орталық кеден зертханасы басшысының оның қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Орталық кеден зертханасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы Орталық кеден зертханасына басшылықты жүзеге асырады.

      17. Орталық кеден зертханасының басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет Төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Орталық кеден зертханасы басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Орталық кеден зертханасы басшысының өкілеттіктері:

      1) Орталық кеден зертханасының өзінің орынбасарлары мен қызметкерлерін міндеттемелері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) Орталық кеден зертханасының штат саны лимитінің шегінде Орталық кеден зертханасының штаттық кестені бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық кеден зертханасының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;

      5) Орталық кеден зертханасының Орталық кеден зертханасының ережесін бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталық кеден зертханасы басшысының орынбасарларын, қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларға дербес жауапты болады;

      8) Комитеттке ұсынатын ақпараттың анықтығы үшін дербес жауапты болады;

      9) Орталық кеден зертханасын барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Орталық кеден зертханасының басшысы жоқ болған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Орталық кеден зертханасының басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4-тарау. Орталық кеден зертханасының мүлкі

      21. Орталық кеден зертханасының заңнамада көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы болуы мүмкін.

      Орталық кеден зертханасының мүлкі, оның меншігіне берілген, сондай-ақ меншіктік қызметтер нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден алынған мүліктер есебінен (ақша кірістерін қоса алғанда) қалыптастырылады.

      22. Орталық кеден зертханасына бекітілген мүлік республика меншігіне жатады.

      23. Орталық кеден зертханасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген құралдар есебінен алынған мүлікті, егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Орталық кеден зертханасынын қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Орталық кеден зертханасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитеті төрағасының
2022 жылғы "__" _______
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитеті төрағасының м.а
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 595 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – Оқу-әдістемелік орталығы), мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі функцияларды орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мамандандырылған мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      2. Оқу-әдістемелік орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Оқу-әдістемелік орталығы республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Оқу-әдістемелік орталығы өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.

      5. Оқу-әдістемелік орталығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тарапы ретінде түсуге құқығы бар.

      6. Оқу-әдістемелік орталығы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Оқу-әдістемелік орталығы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Оқу-әдістемелік орталығының құрылымын және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Оқу-әдістемелік орталығының орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 60.

      9. Оқу-әдістемелік орталығының толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Оқу-әдістемелік орталығының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Оқу-әдістемелік орталығының қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Оқу-әдістемелік орталығына Комитет өкiлеттіктерi болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Оқу-әдістемелік орталығына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жолданады.

2-тарау. Оқу-әдістемелік орталығының міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Міндеттері:

      1) мемлекеттік кірістер органдарының жаңадан қабылданған қызметкерлерді даярлау оқыту процесін олардың кәсіби білімі мен дағдыларын алу мақсатында ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      2) халықаралық стандарттарға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

      3) мемлекеттік кірістер органдарының зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуымен білікті кадрлармен қажеттілігін қанағаттандыру, Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнамалары саласында дағдыларға ие болу;

      4) кәсіби даярлаудың мемлекеттік және халықаралық білім беру стандарттарын оқу процесі барысында игеру және іске асыру;

      5) мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыру мақсатында білімді тарату және беру;

      6) Дүниежүзілік кеден ұйымына (бұдан әрі – ДКҰ) мүше мемлекеттердің кеден қызметі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін оқыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды дамыту;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      14. Оқу-әдістемелік орталығының құқықтары және міндеттемелері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттерінің кеден, салық және өзге заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорытындылау, сондай-ақ кеден және салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік және өзге органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      ұйымдастыру құрылымы, Оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру мен еңбегін ынталандыру нысанын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлерін қызметтік іссапарларға жіберу;

      құзыреті шегінде басқа да оқу орындарымен, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мекемелерімен мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттемелер:

      материалдық-техникалық және әлеуметтік базаны дамыту;

      мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте талдау, оқу және баспа қызметін жүзеге асыру;

      мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін жоғары деңгейде оқытуды, қайта оқытуды жүзеге асыру;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды дербес анықтау, жолын кесу, ескерту бойынша жұмыстар жүргізу;

      Оқу-әдістемелік орталығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;

      Оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды тұрақты негізде қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.

      15. Функциялар:

      1) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      2) оқыту сапасын ұдайы жақсарту, оқу процесін ұйымдастыру нысандары мен әдістерін жетілдіру негізінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнама саласында мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін оқыту процесін ұйымдастыру;

      4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының жаңадан қабылданған лауазымды адамдарын, олардың алғашқы кәсіби білім мен дағдыларды алуы мақсатында кәсіби бейімделуінің оқыту процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) даярлаудан (қайта даярлау) өткен тыңдаушылардың кәсіби білім деңгейін кешенді бағалау, одан әрі оқыту процесінде пайдалану үшін ұсынымдарды талдау және әзірлеу;

      6) электрондық кітапхананы дамыту және оның қорын шетел мемлекеттердің кеден, салық және өзге заңнама саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен, оқу-әдістемелік әдебиеттерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ДКҰ мүше шетел мемлекеттерінің мерзімді әдебиеттерімен толықтыру;

      7) бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

      8) жұмыс оқу бағдарламаларын және жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      9) оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу;

      10) мемлекеттік кірістер органдарының кадрларын дайындау және арттыру бойынша халықаралық тәжірибені пайдалану;

      11) ДКҰ Еуропа өңірі мемлекеттерінің кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинарлар мен курстар өткізу;

      12) оқу материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық базасын дамыту және жетілдіру;

      13) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

      14) Комитет қызметінің өзекті бағыттары бойынша талдау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Оқу-әдістемелік орталығы басшысының оның қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Оқу-әдістемелік орталығына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы Оқу-әдістемелік орталығына басшылықты жүзеге асырады.

      17. Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Оқу-әдістемелік орталығы басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Оқу-әдістемелік орталығы басшысының өкілеттіктері:

      1) Оқу-әдістемелік орталығы өз орынбасарларының, бөлім басшылары мен қызметкерлерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және және лауазымынан босаталады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады;

      4) Оқу-әдістемелік орталығы құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      5) Оқу-әдістемелік орталығы штат саны лимитінің шегінде Оқу-әдістемелік орталығының штаттық кестесін бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасарларын, қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) құзыреті шегінде жеке сипаттағы құқықтық актілеріне қол қояды;

      8) Оқу-әдістемелік орталығын барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

      10) Комитетке ұсынатын ақпараттың анықтығы үшін дербес жауапты болады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Оқу-әдістемелік орталығының басшысы жоқ болған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Оқу-әдістемелік орталығының басшысы қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4-тарау. Оқу-әдістемелік орталығының мүлкі

      21. Оқу-әдістемелік орталығы заңнамасында көзделген жағдайларда оқшауланған мүлкті жедел басқару құқығы болуы мүмкін.

      Оқу-әдістемелік орталығының мүлкі, оның меншігіне берілген, сондай-ақ меншіктік қызметтері нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден алынған мүліктер есебінен (ақша кірістерін қоса алғанда) қалыптастырылады.

      22. Оқу-әдістемелік орталығының бекітілген мүлік республика меншігіне жатады.

      23. Оқу-әдістемелік орталығының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген құралдар есебінен алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Оқу-әдістемелік орталығын қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Оқу-әдістемелік орталығын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады