Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерінде осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2023 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2023 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. "Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдансын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.
Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Д. Койгельдин |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "30" қараша № 377 қаулысына 1 қосымша |
2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | "Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 65 | 1 | 1 |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "30" қараша № 377 қаулысына 2 қосымша |
2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | КХ "Каликанулы" | 60 | 2% | 1 |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "30"қараша № 377 қаулысына 3 қосымша |
2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | КХ "Каликанулы" | 60 | 2% | 1 |