"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 391 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығына (2016 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12828 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормалары";

      1-заттай нормада:

      "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін тамақ" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған тағам";

      "1.1. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар"кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.1. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар";

      "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы";

      "1.2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары";

      2-заттай нормада:

      "Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін мүгедектер үшін тамақ" деген кестеде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар адамдарға арналған тағам";

      "Мүгедектер үшін мынадай полидәруменді препараттар анағұрлым қолайлы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар үшін мынадай полидәруменді препараттар анағұрлым қолайлы:";

      "2.1. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін мүгедектер үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.1. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар";

      "Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін мүгедектер үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар адамдар үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы";

      "2.2. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін мүгедектер үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.2. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар адамдар үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары";

      5-заттай нормада:

      "Оңалту орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін тамақ" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңалту орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған тағам";

      "5.1. Оңалту орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.1. Оңалту орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар";

      "Оңалту орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңалту орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы";

      "5.2. Оңалту орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.2. Оңалту орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары";

      6-заттай нормада:

      "Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін тамақ" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған тағам";

      "6.1. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.1. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар";

      "Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы";

      "6.2. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектер үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.2. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілетін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары";

      7-заттай нормада:

      "Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 7-10 жастағы мүгедек балалар үшін тамақ" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 7-10 жастағы мүгедектігі бар балалар үшін тамақ";

      "7.1. Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 7-10 жастағы мүгедек балалар үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.1. Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 7-10 жастағы мүгедектігі бар балалар үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар";

      "Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 7-10 жастағы мүгедек балалар үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 7-10 жастағы мүгедектігі бар балалар үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы";

      "7.2. Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 7-10 жастағы мүгедек балалар үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.2. Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 7-10 жастағы мүгедектігі бар балалар үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары";

      8-заттай нормада:

      "Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 11-18 жастағы мүгедек балалар үшін тамақ" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 11-18 жастағы мүгедектігі бар балаларға арналған тағам";

      "8.1. Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 11-18 жастағы мүгедек балалар үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.1. Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 11-18 жастағы мүгедектігі бар балалар үшін заттай тамақтану нормаларын айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар";

      "Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 11-18 жастағы мүгедек балалар үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 11-18 жастағы мүгедектігі бар балалар үшін азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы";

      "8.2. Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 11-18 жастағы мүгедек балалар үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары" деген кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.2. Оңалту орталықтарында, оқу орындарында және күндіз болу бөлімшелерінде қызмет көрсетілетін 11-18 жастағы мүгедектігі бар балалар үшін азық-түлік жиынтығындағы азық-түліктің бірін екіншісіне заттай ауыстыру нормалары".

      2. Әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Т. Дүйсенова

 

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады