Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қосымша қаулыға қоса берілмеген.
2. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (Г.С. Қожахметова) Жарғысын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № 43/01 "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Сәтбаев қаласының әкімдігінің 28.05.2021 № 43/01 қаулысы түскен жоқ.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С. Қожахметоваға жүктелсін.
Сәтбаев қаласының әкімі | А.А. Ыдырысов |