"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № 233 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 381-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 № 381-НҚ бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында ережені қайта тіркеуді жүзеге асыруды;

      3) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы тіркеуші органға хабарлауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2022 жылғы 4 шілдедегі
№ 233 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы 28 наурыздағы
№ 30 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      13. Комитет:

      1) Жастар саясатын үйлестіру басқармасынан;

      2) Отбасы саясатын үйлестіру басқармасынан;

      3) Мониторинг және талдау басқармасынан;

      4) Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасынан;

      5) Жобаларды үйлестіру басқармасынан құралады.

2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері

      14. Міндеттері:

      1) мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруға қатысу;

      2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;

      15. Құқықтары мен міндеттемелері:

      15.1. Құқықтары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      2) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;

      3) қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан сұрату және алу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісу бойынша мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      5) жастар және отбасылық саясаттың дамуына үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізу;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      15.2. Міндеттемелері:

      1) Комитеттің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      2) Комитетке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;

      4) Комитеттің құзыреті шегінде конкурстар, фестивальдар, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      Жастар саясатын үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      басқарманың құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде, ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін әзірлеу;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      іске асыру:

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақтылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар саясаты саласындағы қажетті ақпаратпен толтыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      жастар саясаты мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылу мониторингін жүргізуге және олардың нәтижелерін бағалауға қатысу;

      жастардың волонтерлік қызметті дамытуға жәрдемдесуі;

      Министрлік жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру және оның қызметін қамтамасыз ету;

      үкіметтік емес ұйымдардың адамгершілік-рухани дамуға бағытталған қызметін үйлестіру және қолдау;

      мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      жастар мәселелері бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары іс-шараларының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      басқарманың құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде, ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      іске асыру:

      отбасы мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және отбасылық саясат салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      отбасы саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      отбасы саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылу мониторингін жүргізуге және олардың нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиямен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      отбасы саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;

      отбасылармен жұмысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдар, дағдарыс орталықтары өткізетін іс-шараларға тұрақты қатысуды қоса алғанда, олармен өзара іс-қимыл жасау;

      отбасылық мәселелер бойынша брифингтер және өзге де бұқаралық іс-шаралар дайындау;

      отбасы саясаты мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де субъектілердің қызметін үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;

      басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің интернет-ресурсында жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары іс-шараларының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Мониторинг және талдау басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      басқарманың құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде, ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      іске асыру:

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларындағы үрдістерді жүйелі талдауды және болжауды жүзеге асыру, сондай-ақ анықтамалық материалдарды дайындау;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпарат, анықтамалар, шолулар дайындау;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақтылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпаратпен толтыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде стратегиялық және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үрдістерді талдауды және болжауды жүзеге асыру;

      отбасылық саясат саласындағы үдерістерге жүйелі талдауды жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары іс-шараларының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оларды сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы:

      стратегиялық:

      мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      отбасылық саясат саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында отбасы мәселелері жөніндегі халықаралық жобаларды іске асыру мониторингін қамтамасыз ету;

      реттеуші:

      басқарманың құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде, ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту; әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын әзірлеу.

      іске асыру:

      құзыреті шеңберінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шеңберінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақтылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпаратпен толтыруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Министрлік ведомствосының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      білім және тәрбие беру жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қажетті консультативтік көмек көрсету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылу мониторингін жүргізуге және олардың нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;

      жастарды адамгершілік-рухани дамыту, отбасы саясаты саласындағы мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары іс-шараларының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      Жобаларды үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      басқарманың құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде, ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      іске асыру:

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде жастар және отбасы саясаты саласындағы іс-шаралардың уақтылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;

      басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің интернет-ресурсында жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақтылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпаратпен толтыруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және гранттық қаржыландыруды қалыптастыруға, іске асыруға, іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары іс-шараларының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;

      жастар және отбасы саясаты салаларында Комитеттің бюджетіне ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде көзделген шығыстарды нақтылау;

      жастар және отбасы саясаты салаларындағы іс-шаралардың уақтылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      жастар және отбасы саясаты салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпарат, анықтамалар, шолулар әзірлеу;

      басқарманың құзыреті шеңберінде қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар және отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын және олардың нәтижелерін бағалауды орналастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және олардың нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары іс-шараларының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы операторға Комитеттін құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік гранттар беру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитет басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері

      17. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты төраға жүзеге асырады.

      18. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;

      2) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелерін шешеді;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелердің ережесін бекітеді;

      8) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі шарттарға қол қояды;

      9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді

      10) Комитет қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;

      12) мемлекеттік жастар және отбасы саясатының дамуына үлес қосқан адамдарды алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен көтермелеу мәселелерін шешеді;

      13) өзінің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асыралы.

      21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      22. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) міндетті түрде Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағасының тапсырмаларын орындайды;

      3) өзге де фунцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      23. Комитет заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады