Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қарағанды облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6218 болып тіркелді) Қарағанды облысы мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 32 шешіміне келесі өзерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидаларында (әрі қарай Қағидалар):
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"18. Осы қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 болып тіркелді) бекітілген жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.";
Қағидаларға 2-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2022жылғы 17 наурыздағы №154 шешімге қосымша |
|
Қарағанды облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларына 2-қосымша |
Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары
Жыныстық-жастық топтары | Қоңдылығы | ||
Ортадан төмен, бас | Орташа, бас | Ортадан жоғары, бас | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ірі қара мал | |||
Бұзаулы сиырлар (емізілулі) | 50-70 | 150-200 | 150-200 |
Қашарлар (2 жасқадейін) | 100-150 | 200-250 | 200-250 |
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) | 100-150 | 200-250 | 200-250 |
Ұсақ мал | |||
Қозылы қойлар, | 400-500 | 500-600 | 500-600 |
Бір жылғы төл | 400-500 | 600-700 | 600-800 |
Жылқылар | |||
Құлынды биелер | 50-70 | 100-150 | 150-200 |
1,5-2 жастағы төл | 80-100 | 120-150 | 150-200 |
Түйелер | |||
Түйелер | 30-60 | 60-90 | 90-120 |