Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 57/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Саяк кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өтініші және Саяқ кенті тұрғындары жиналысының хаттамасы негізінде, Балқаш қаласысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Су алу және суару, Саяқ кенті халқының малын жер пайдаланушы Жамал Серікқызы Абдуованың 09-108-009-790 кадастрлық нөмірдегі жер учаскесі арқылы айдау мақсаттары үшін жалпы ауданы 30 гектар жер учаскесіне 6 (алты) жыл мерзімге жария сервитуты белгіленсін.

      2. Саяк кентінің әкімі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі Қ. Камзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады