"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 32/11 қаулысы. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 35/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 25.07.2023 № 35/04 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес, "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары С. Б. Жаппаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі А. Халтонов

  Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 14 маусымдағы
№ 32/11 қаулысымен бекітілген

"Шахтинск қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары бар (бар болса):

      1) "Шахтинск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      индекс 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Калинин көшесі, 17.

      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аз қамтылған, ардагерлер, мүгедектер мен басқа да санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;

      - ақпараттық деректердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің жүргізуіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;;

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие.

      2) міндеттері:

      - қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;

      - Шахтинск қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын бұлжытпай орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;

      - тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын, оның ішінде бөлінетін бюджет қаражатының игерілуін тұрақты бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етеді.

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

      15. функциялар

      1) жұмыс күшінің бір бөлігіне сұранысты және ұсынысты талдау, болжау, өңірдің Шахтинск қаласының еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді;

      2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы Бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;

      3) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсету;

      4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

      5) ҰОС қатысушыларға және оларға теңестірілген мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету;

      6) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын ұсыну болып табылады;

      7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      8) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау болып табылады;

      9) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      10) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

      3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      6) шарттар жасасады;

      7) банк шоттарын ашады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауаптылықта болады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік мекеменің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі.

      "Шахтинск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады