Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы №24/06 "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 66/08 қаулысы

      Шахтинск қаласы прокурорының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 2-0811-22-01947 наразылығын қарастырып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 24/06 қаулысымен бекітілген "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      14-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      14-тармақтың 22) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "22) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін жүргізу";

      14-тармақтың 23) тармақшасы алып тасталсын.

      2. "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ч.Р. Калуетова):

      1) қаулысының аумақтық әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.А.Мажитовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады