Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық жер комиссиясының шешімі негізінде ШЕШІМ:
1. "TNS Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты – оптикалық байланыс желісін салу және пайдалану үшін ауданы 1,2 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 49 жыл мерзімге жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | И. Генинберг |