Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/18 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4478 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат хатшысы | Н. Тумышев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2022 жылғы 24 тамыздағы | |
№ 13/158 шешіміне | |
қосымша | |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2021 жылғы 31 наурыздағы | |
№2/18 шешіміне | |
қосымша |
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 2 тармағының 12-14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20540 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері - меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өту (айдау) - ауыл шаруашылығы жануарларының тұрақты тұрған жерінен жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелерінде, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелерінде адамның бақылауында болатын ауыл шаруашылығы жануарларының шөп және өзге де өсімдіктерді тұтыну процесі;
5) ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы , жеке нөмірі көрсетіледі;
6) жайылымдар - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері;
7) маусымдық жайылымдар - жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;
8) шалғайдағы жайылымдар - елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар;
9) жалпыға ортақ пайданалатын жерлер - алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, саябақтар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және басқа да халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылыс жайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер.
2 - тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі
3. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары меншік нысанына қарамастан есепке алуға және тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11127 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.
Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына ( отарына) беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.
Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.
4. Мыналарға
1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған);
2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және вакцинациялаудан өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
4) су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
5) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
6) ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің не олар уәкілеттік берген адамдардың ертіп жүруінсіз ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері айдауға, жаюға, сондай-ақ орнын ауыстыруға жол берілмейді.
Бұл ретте, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 99 бабының 2 тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген орындардан тыс жолдар арқылы, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейдегі мал айдаудан басқа) айдап өтуге;
8) өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге;
9) қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және ортақ пайдаланудағы су тоғандарында ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға.
Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде нөмірі 12259 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.
5. Адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.
Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246 бабына сәйкес айқындалады.
6. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 245 бабының 1 тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.
7. Облыстағы жайылымдарда табиғи-климаттық аймақтарға байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын маусымдық және жыл бойы жаю жүйесі қолданылады.
Маусымдық мал жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары көктемде, жазда және күзде жайылымдарда, қыста-толық азықтандырумен қорада ұсталады.
Жыл бойы жаю жүйесі кезінде ауыл шаруашылығы жануарлары жыл бойы жайылымдарда болады.
Қолайсыз ауа райы жағдайында мал қоралары пайдаланылады және тиісті жем қоры құрылады.
8. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың түрлік құрамы ескеріледі.
9. Шөлейт жайылымдарын пайдалану коэффициенті 60 пайыздан (бұдан әрі - %) шөлейт және құрғақ далада - 65% аспайды.
10. Елді мекендер шегінде жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдарды беру аудандақ маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен, ал аудан, облыстық маңызы бар қала шегінде - Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
11. Жоспар ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы уәкілетті органымен қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және (немесе) ұзақ мерзімді (екі жылға дейін) кезеңге бекітілген нормативтік құқықтық акті болып табылады.
12. Жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, әкімшілік-аумақтық бірліктердің тиісті аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю дәстүрін ескере отырып әзірлейді.
13. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
14. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және жылжытудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдаланудың күнтізбелік кестесі Жоспарға сәйкес айқындалады.
15. Ауылдық елді мекендер аумағының шегінде орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-бағу бойынша жергілікті халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі.
16. Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен бекітілген "Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11064 болып тіркелген) жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.
17. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормаларынан асқан жағдайда жайылымдар Жоспарға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ шегінде беріледі.
18. Селолық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген иелерінің ауыл шаруашылығы жануарларының саны түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылады және Жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға жіберіледі.
19. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда бағу 15-20 см биіктікте қар жауғанда аяқталады.
3 - тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде айдауды ұйымдастыру
20. Айдау үшін жасы, жынысы, қоңдылығы бірдей сау ауыл шаруашылығы жануарлардан үйірлер, отарлар, табындар жинақталады.
Ауыл шаруашылығы жануарлары: оның ішінде қойлар мен ешкілер 600-800 басты, ірі қара мал 250 бастан, жылқылар 200 бастан, түйе 120 бастан аспайтын санын құрайды.
Айдауға жататын ауыл шарауашылығы жануарларының іріктеу нормалары осы Қағидалардың 1 қосымшасында көрсетілген.
21. Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына қарай жинақтау нормалары осы Қағидалардың 2 қосымшасында көрсетілген.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары осы Қағидалардың 3 қосымшасында көрсетілген.
22. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдаудың барлық жолында ауыл шаруашылығы жануарларының топтарын араластыруға жол берілмейді.
23. Аналық (сауын) мал басын (оның ішінде төлдеу, туу алдындағы, төлдегеннен кейін буыны бекімеген) және ауру ауыл шаруашылығы жануарларын (оның ішінде жұқпалы аурулар жұқтырған), буыны бекімеген жаңа туған төлді, міндетті ветеринариялық рәсімдерден (оның ішінде вакцинациялаудан) өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын қоспағанда, елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері мен топтары шалғайдағы жайылымдарға айдауға жатады.
24. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 70 және 104 баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын айдау үшін уақытша (маусымдық) пайдаланылатын және ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдары ( бұдан әрі-мал айдау) жобаланады.
25. Мал айдауды аудандардың ( қалалардың) және облыстың жергілікті атқарушы органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының келісімі бойынша "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес айқындайды.
26. Мал айдайтын жолдар олардың ең үлкен ауданына қызмет көрсету және жайылымдардың мал тұратын және суару орындарымен қолайлы және қысқа байланысын құру есебімен орналастырылады.
27. Ауыл шаруашылығы жануарларын 5 километрге (бұдан әрі - км) дейінгі қашықтыққа айдағанда, айдалатын ірі қара малдың саны 200-250 бас немесе ұсақ малдың саны 600-800 бас болған кезде мал айдалатын жердің ені 50-70 метрді құрайды.
Мал айдайтын жолдың жалпы алаңы қызмет көрсетілетін барлық аумақтың 4-5%нен аспайды.
28. Жолдың ұзындығы үлкен болған кезде (егер қозғалыс бірнеше күн ішінде жасалса) әрбір 40-50 км сайын мал айдайтын жолдар жеткілікті азықтық сыйымдылықтағы жайылымдық қоректендіру алаңдарымен жабдықталады және әрбір 10-15 км сайын суатпен қамтамасыз етіледі.
Бұл жағдайларда мал айдайтын жолдың ені 200-300-ден 1000 метрге дейін және одан да көп алаңды құрайды.
29. Жайылымның жазық жерінде ауыл шаруашылығы жануарларын суару радиусы:
мүйізді ірі қара мал үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 4-6 км;
жылқылар үшін далалық және орманды дала аймақтарында 4-5 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 5-7 км;
түйелер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 6-7 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 7-8 км;
қой мен ешкілер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2,5-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 3-6 км.
Республика бойынша құдықтар арасындағы қашықтық орташа 3,8 км.
4 - тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру
30. Облыстың қала және аудан әкімдіктері:
1) Жоспардың іске асырылуын;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.
31. Облыстың қала және аудан әкімдіктері, ауылдық округ әкімдері жайылымдық кезең басталудың алдында:
1) Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етуді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды ;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын;
4) қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орындарын ұйымдастыруды;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жинайтын орындарды;
7) елді мекен ішіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын табынды жиналатын орнына дейін, жайылатын учаскелерге дейін және кері айдау бағдарларды;
8) елді мекендер айналасындағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған учаскелерді;
9) аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға айдау бағдарларын;
10) шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жас топтары мен түрлері бойынша учаскелерін айқындайды.
32. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттілік берген адамдар :
1) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жастық топтары бойынша топтарын қалыптастыруды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының қалған топтарынан аналық (сауын) мал басын айыруды;
3) ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде және шалғайдағы орналасқан жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, жаю орнына дейін және кері қарай айдау (кері айдау) кезінде сүйемелдеу;
5) елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдауды ұйымдастырады.
33. Осы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.
Маңғыстау облысы аумағында | |
ауыл шаруашылығы жануарларын | |
жаюдың қағидаларына | |
1 қосымша |
Айдауға жататын жануарлары іріктеу нормалары
Жыныстық - жастық топтары | Жануарлардың саны, бас | Тәуліктік айдау қашықтығы, километр |
Мүйізді ірі қара мал | ||
Бұзаулы сиырлар (емізулі) | 150-200 | 15-20 |
Қашарлар (2 жасқа дейін) | 200-250 | 20-25 |
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) | 200-250 | 20-25 |
Мүйізді ұсақ мал | ||
Қозылы қойлар, лақты ешкілер | 500-600 | 20-30 |
Бір жылғы төл | 600-800 | 30-40 |
Жылқылар | ||
Құлынды биелер | 100-150 | 25-30 |
1,5-2 жастағы төл | 150-200 | 35-40 |
Түйелер | ||
Түйелер | 100-120 | 40-50 |
Маңғыстау облысы аумағында | |
ауыл шаруашылығы жануарларын | |
жаюдың қағидаларына | |
2 қосымша |
Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары
Жыныстық - жастық топтары | Қоңдылығы | ||
Ортадан төмен, бас | Орташа, бас | Ортадан жоғары, бас | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Мүйізді ірі қара мал | |||
Бұзаулы сиырлар (емізулі) | 50-70 | 150-200 | 150-200 |
Қашарлар (2 жасқа дейін) | 100-150 | 200-250 | 200-250 |
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) | 100-150 | 200-250 | 200-250 |
Мүйізді ұсақ мал | |||
Қозылы қойлар, лақты ешкілер | 400-500 | 500-600 | 500-600 |
Бір жылғы төл | 400-500 | 600-700 | 600-800 |
Жылқылар | |||
Құлынды биелер | 50-70 | 100-150 | 150-200 |
1,5-2 жастағы төл | 80-100 | 120-150 | 150-200 |
Түйелер | |||
Түйелер | 30-60 | 60-90 | 90-120 |
Маңғыстау облысы аумағында | |
ауыл шаруашылығы жануарларын | |
жаюдың қағидаларына | |
3 қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары
Мүйізді ірі қара мал, бас | Мүйізді ұсақ мал, бас | Жылқылар, бас | Түйелер, бас |
150-ге дейін | 500-ге дейін | 100-ге дейін | 100-ге дейін |