Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен "Lucent Petroleum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 317 келісімшартқа № 14 және № 15 толықтырулар негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Lucent Petroleum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келісімшарттық аумақ шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 1690,0 гектар және 51,605 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б.Әбілов |