Мемлекеттік мекемелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 81 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімі" мемелекеттік мекемесінің атауы "Маңғыстау аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. "Маңғыстау аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      3. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің Ережелері жаңа редакцияда бекітілсін.

      4. Атауы өзгерген мемлекеттік мекеме басшылары (М.Сарбалаев, Н.Жанбуршиев) заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

      жоғарыда көрсетілген Ережелердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары А.Аккуловқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Маңғыстау ауданы әкімі Т.Кушмаганбетов

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "28" ақпандағы
  №81 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) Маңғыстау ауданның атқарушы органының бірыңғай жүйесіне енеді, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130400, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылдық округі, Шетпе ауылы, Орталық шағын ауданы, Арон Өтеуов көшесі, ғимарат №36.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде - " Маңғыстау аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі " мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде - государственное учреждение " Мангистауский районный отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства ".

      10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы:

      ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларының дамуы бойынша функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты жүргізу.

      14. Міндеттері:

      1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау, жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру;

      3) сәулет және қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру;

      4) реттелген нарықтық экономика жағдайындағы жөндеу-құрылыс өндірісі, жобалау әдістемелеріне және әртүрлі прогрессивті нысандарға ықпал ету; 5) аудан аумағындағы елді-мекендерде объектілердің бас жоспарлары мен құрылысын қарау және келісу, оларды Маңғыстау ауданы әкіміне бекітуге ұсыну; 6) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

      15. Функциялары:

      1) Жер Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру туралы әкімдік қаулыларының жобаларын және ұсыныстар дайындау;

      2) иесіз жер учаскелерін есепке қою;

      3) Жер Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу жолымен алу туралы ұсыныстар енгізу;

      4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      5) мемлекет жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалау құнын бекіту;

      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      7) басқа да табиғатты қорғау іс-шаралары кешенінде жер ресурстарын қорғау, топырақ құнарлылығын арттыру, жерлерді тиімді пайдалану бойынша аудандық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      8) аудан аумағындағы елді мекендердің жер шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау;

      9) ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екіншіге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      10) жер учаскелерін немесе мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмейтін жер учаскелерінің құқығын сату жөнінде саудалар (конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныстар енгізу;

      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;

      12) ауданның жер балансын жасау;

      13) жер учаскелері иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу;

      14) аудан аумағында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;

      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар беру;

      16) жер учаскелерін жалға алу және сатып алу-сату шарттарын жасау;

      17) зерттеу жұмыстарына арналған жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныстар дайындау;

      18) елді-мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, қала дизайнын, курделі жөндеу, қалпына келтіру, реконструкциялау, құрылыс ережелері және басқа да құрылыс мәселерін реттейтін құжаттарды әзірлеу;

      19) аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес, барлық құрылыс түрлері үшін бекітілген жобалық құжаттар негізінде жер учаскелерін бөлу;

      20) өндірістік-азаматтық бағыттағы және басқа да объектілерді жөндеу, күрделі құрылыс барысына бақылау;

      21) құрылыс объектілері жұмыстарының орындалуына бақылау;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарт жасасуға және заңнамаға қайшы келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асыруға;

      2) құрылымдық бөлімшелерден, ауылдық округ, қала, кент әкімдері аппараттарынан қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмаларды жолдауға;

      3) барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан өзінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды алуға және сұратуға;

      4) ақпараттық деректер барлық түрлерін, оның ішінде ауылдық округ, қала, кент, аудан әкімдері аппараттарының иелігінде бар құпиялықтарды пайдалануға;

      5) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша проблемалық мәселелерді зерделеуге және шешуге, аудан әкімдігі отырыстарында қаралатын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар, ауылдық округ, қала, кент әкімдері аппараттары құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерін тарту;

      6) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамаға сәйкес қабылдау және тіркеу жұмыстары бойынша ұйымдастыру;

      7) салынып жатқан (салынатын), салынған объектілердің және кешендердің Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте мониторингін жүргізу;

      8) аумақтағы жобалаған салынулар не басқа да қала құрылысының өзгерістері туралы халықты ақпараттандыру;

      9) бөлім жүргізуге қатысты мәселелер бойынша ұйымдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      10) заңнамамен, осы Ережемен және өкілетті органмен жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімдегі басшылықты бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. Бөлімінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) бөлімнің қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;

      4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлім мүддесін білдіреді;

      6) сенімхаттар береді;

      7) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тікелей міндетті және дербес жауапты болады;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "28" ақпандағы
  №81 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Е Р Е Ж Е С І

1. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау ауданының құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: 130400, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылдық округі, Шетпе ауылы, Орталық шағын ауданы, Арон Өтеуов көшесі, ғимарат №36.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде - "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде - государственное учреждение "Мангистауский районный отдел строительства".

      11. Осы Ереже "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Маңғыстау ауданының аумағында құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

      15. Мiндеттерi:

      қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындау және конкурстарды өткізу;

      2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

      3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру;

      4) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконструкциялануына техникалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      5) ауданның және елді мекендердің әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларына ұсыныстар дайындау;

      6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау-іздестіру жұмыстары, әлеуметтік-мәдени, коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізу;

      2) құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеуге, құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

      3) төтенше жағдайларды ескерту және коммуналдық меншік объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша органдарымен бірге әзірленген іс-шаралар барысына бақылауды жүзеге асыру;

      4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      5) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне мониторинг жүргізу;

      6) мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, олар тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда шаралар қолдану;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.

      19. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      21. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:

      1) "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;

      2) "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

      3) "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;

      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

      "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      23. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Маңғыстау аудындық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады