"Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 87 қаулысы

      Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      41 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметінің қызметкерімен және Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электронды құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40 тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42 тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданы әкімі Т.Кушмаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады