"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 14 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 13 қаңтардағы
  № 14 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өз құзыреттілігі шегінде облыстың білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың осы Ереженің қосымшасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-құрылыс.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше көзделмесе мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке адам даралығын дамыту үшін жағдайлардың жасалу жолдары арқылы ой-өрісін байыту;

      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге немқұрайды қарамауға тәрбиелеу;

      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

      6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

      7) білім беру ұйымының автономдығын, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;

      8) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

      9) оқушылардың кәсіптік уәждемесін қамтамасыз ету;

      10) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;

      11) ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалардың (балалардың) білім алуына арнайы жағдайлар жасау;

      12) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;

      осы Ережеде көрсетiлген құқықтарымен қатар, оған Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген басқа да құқықтары бар;

      2) міндеттері:

      білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру сапасын талдау;

      өз құзыреті шегінде "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын сақтау;

      өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттаудан өткізу;

      орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

      жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің бірінші басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпте ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерін әкімшілендіру және қаржыландыру функцияларын орындайды;

      5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

      6) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

      7) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

      8) облыс аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастырады және оған жауапты болады;

      9) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы, мамандандырылған, қосымша білім берудің, техникалық пен кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      10) облыстың жергілікті атқарушы органына білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын - мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

      11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынысы бойынша қолданыстағы заңнама талапатарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, сондай-ақ ата-ананың төлемақы мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

      12) білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

      13) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

      14) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

      15) мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

      16) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      17) облыстың білім беру саласындағы кадр саясатын іске асырады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпте білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін педагогтерді аттестаттауды, тестілеуді өткізеді және ұйымдастырады;

      18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      19) жыл сайын мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

      20) жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, балаларға арналған орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ балалар мен педагогтер арасында олимпиадалар мен конкурстар өткізуді үйлестіреді;

      21) облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      22) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      23) балалар мен жасөспірімдерді тексеріп-қарауды үйлестіреді және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      24) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

      25) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      26) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      27) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадр қажеттігі туралы өтінімді, оның ішінде ауылдық жердің, білім беру саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;

      28) мәслихатқа жергілікті атқарушы органы арқылы білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      29) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      30) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

      31) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      32) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында тұратын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз етеді;

      33) облыстың білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестердің жұмыстарына жәрдем көрсетеді;

      34) ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастырады;

      35) ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын, сондай-ақ сынып-жинақталымдардың, олардағы топтардың санын келіседі;

      36) облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте облыстың білім басқармасына бағынысты білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      38) конкурстар өткізуді қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздары – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;

      39) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      40) облыстық әдістемелік кабинеттің (орталықтың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      41) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      42) білім беру ұйымдарының ішкі тәртібі үлгілік қағидаларын бекітеді;

      43) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      44) конкурстар өткізуді қамтамасыз етеді, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;

      45) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;

      46) білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетеді және үйлестіреді;

      47) облыстың коммуналдық қазыналық білім беру кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекітеді;

      48) облыстың жергілікті атқарушы органына аудандардың және облыстық маңызы қалалардың білім бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілерінің штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;

      49) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің жекелеген лауазымдарын (азаматтық қызметшілерін) тағайындауға келісім береді: басшының орынбасарын, бас бухгалтерді және әдістемелік кабинет меңгерушісін;

      50) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі басшысының ұсынуы бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімінің құрылымын келіседі;

      51) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың білім беруді басқару құрылымын бекітеді;

      52) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің бірінші басшыларын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартады;

      53) неғұрлым ерекшеленген білім беру қызметкерлерін көтермелейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның ерекшелік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады;

      54) кәмелетке толмағандар арасында есірткіге қарсы идеология және салауатты өмір салтын насихаттау жүйесін іске асырады;

      55) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін және қарсы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бiрiншi басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

      2) Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіпте қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Басқарма қызметкерлеріне, облыстық білім беру ұйымдарының директорларына заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады, сондай-ақ көтермелеу шараларын қабылдайды;

      5) Басқарманың құрылымын бекітеді;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      7) бұйрықтарға қол қояды және Басқарма қызметкерлеріне орындалуға міндетті нұсқаулықтарды береді;

      8) атқарушы органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманы білдіреді;

      9) оның құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкiн.

      Басқарманың мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге
  қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі

      1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      2. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный құрылыс және көлік колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      4. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік–техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      5. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      6. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов кәсіптік–техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный тау-кен технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      10. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      11. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      13. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қазақстан агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      14. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай автомобиль көлігі колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      15. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      16. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай педагогикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      17. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      18. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      19. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай политехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      20. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      21. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный музыкалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      22. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      23. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      24. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      25. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      26. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Озат" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      27. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      28. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Еекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған "балабақша-мектеп-интернат" қостанай арнайы кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      29. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған № 1 Рудный арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      30. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      31. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      32. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      33. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      34. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Отбасылық үлгідегі "Жанұя" балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      35. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      36. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      37. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      38. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      39. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      40. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      41. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      42. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      43. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      44. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      45. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      46. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      47. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      48. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      49. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      50. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      51. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      52. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      53. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      54. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      55. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      56. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      57. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      58. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Меңдіқара ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      59. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      60. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      61. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      62. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Аманкелді ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      63. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      64. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады