Қостанай қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2022-2025 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 143 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2022-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылдансын.

      2. Осы қаулының орыдалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

  2022 жылғы 25 қаңтардағы № 143
  Қостанай қаласы
  әкімдігінің қаулысына
  қосымша

Қостанай қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2022-2025 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қостанай қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2022 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.

      2. Қостанай қаласында тұрғын үй қорын реновациялау – Қостанай қаласында авариялық тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын аумақтарды дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында өмір сүру ортасын жаңартуға және азаматтардың тұруына, қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.

      3. Реновация қаланың "ескі" кварталдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық (ескірген) тұрғын үйлерді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен кешенді қайта жаңартуды көздейді.

      4. Бағдарлама 2025 жылға дейінгі мерзімге қабылданады және таяудағы 5 жылда Қостанай қаласында авариялық тұрғын үй қорының жаппай пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

      5. Реновациялауға жататын объектілердің тізбесі, кезеңдері мен кезектілігі көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс конструкцияларының тозуы, олардың пайдалану талаптарына сәйкестігі ескеріле отырып, сондай-ақ сараптама ұйымының қорытындысы негізінде үй-жайлар иелерінің пікірлері ескеріле отырып айқындалады және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді.

      6. Жергілікті атқарушы орган Бағдарламаны іске асыру үшін уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады.

2-тарау. Бағдарламаны іске асырудың өзектілігі

      7. Қостанай қаласының қазіргі уақытта бар тұрғын үй қоры 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1160 көппәтерлі тұрғын үйді құрайды. Оның ішінде:

Үйлердің саны

1940-50 жылдар

1951-1960 жылдар

1961-1970 жылдар

1971-1980 жылдар

1981-1990 жылдар

1991-2000 жылдар

2001-2021 жылдар

1160

3

165

262

251

275

92

112

Жалпы саны

Панельді

Кірпішті

Блокты, шлакоблокты

1160

456

428

276

3-тарау. Бағдарламаның міндеті

      8. Бағдарламаның негізгі міндеті - Қостанай қаласында авариялық тұрғын үй қорының жаппай пайда болуына жол бермеу және түбегейлі жаңа сападағы қалалық ортаны қалыптастыру.

      Тұрғын үй қорын сапалы жаңартуды көздейтін Бағдарламаны іске асыру азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді және тұрғын аумақтардың тұрақты дамуына, экономикалық, әлеуметтік, өзге де қоғамдық мүдделерді ескере отырып, өмір сүрудің, қоғамдық кеңістіктердің қолайлы ортасын құруға және аумақты абаттандыруға ықпал ететін болады, Қостанай қаласының жаңа, қазіргі заманғы келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      9. Бағдарламаны іске асыру кезінде мынадай міндеттерді шешу жоспарлануда:

      жайлы тұруға, демалуға және жұмыс істеуге бейімделген аралас функциялы қалалық ортаның жаңа жайғасымды құрылымын құру;

      энергиялық тиімді көппәтерлі тұрғын үйлер салу, оларды пайдалануға арналған шығындарды азайту;

      экологиялық жағдайды жақсарту;

      инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту;

      Қостанай қаласының заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру.

4-тарау. Бағдарламаны іске асырудың тетігі мен тәртібі

      10. Бағдарламаны жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жағдайларын қоспағанда, бағдарламаның әкімшісі және Қостанай қаласы әкімдігі уәкілетті ұйым "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып айқындалады.

      11. Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджет және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:

      жеке инвестицияларды, оның ішінде мемлекеттік жеке әріптестік тетіктері арқылы тарту;

      екінші деңгейдегі банктердің қарыздары;

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту;

      Бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру барысында тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен кірістер.

      12. Пәтерлердің, көппәтерлі үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері қаржыландыру туралы шешім қабылдағанға дейін көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      13. Жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы болған кезде шешім қабылдайды. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде қабылданады.

      Егер бұрын келу тәртібімен жарияланған жиналыс кворум болмағандықтан өтпесе, жиналыс жазбаша сауалнама арқылы өткізіледі. Жазбаша сауалнама жүргізу және оның мерзімдері туралы шешімді үй кеңесі қабылдайды

      Үй кеңесі жазбаша сауалнама жүргізу арқылы жиналысты ұйымдастыру үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан бастамашы топты айқындауға құқылы

      14. Жиналыста теріс шешім қабылданған жағдайда, көппәтерлі тұрғын үйді қайта құрудың инвестициялық жобасын іске асыруға байланысты жұмыстар жүргізілмейді.

      15. Қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін Бағдарлама әкімшісі реновацияға жататын әрбір тұрғын үй бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, орталық органдардың аумақтық бөлімшелері және "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - КЕАҚ) 10 жұмыс күні ішінде бағдарлама әкімшісінің сұрау салуы негізінде қажетті ақпаратты, оның ішінде, мынлармен шектелмей беруге міндетті:

      көп пәтерлі тұрғын үйдің (үйдің (пәтерлердің) және жер учаскесінің жалпы алаңы, тұрғындардың саны, ауыртпалықтардың (тыйым салулардың) болуы (болмауы) (аумақтық әділет органдары және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ) техникалық сипаттамалары туралы;

      жаңа тұрғын үйді абаттандыру үшін қажетті іргелес жер учаскелерімен жер кадастрынан үзінді ("Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ);

      тұрғын үйдің қолданыстағы инфрақұрылымы және инфрақұрылым қуатын, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріздер және т.б. жақын арада қосу нүктелерін ұлғайту мүмкіндігі туралы ("Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ);

      тұрғындардың тұрғын үйді реновациялау бойынша ұсынылатын іс-шараларға қатынасын көрсететін тұрғындардың жалпы жиналысының хаттамасы ("Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ).

      16. Қажетті ақпаратты алғаннан кейін Бағдарлама әкімшісі реновацияға жататын әрбір тұрғын үйге ақпараттық құжат дайындайды.

      Бағдарлама әкімшісі қалыптастырылған досьені Қостанай қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырады.

      17. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет болған жағдайда Бағдарлама әкімшісі болып "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" ММ анықталатын болады. Бұл жағдайда барлық іс-шаралар тұрғын үйді жаңарту туралы шешім қабылданған кезде қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Жеке инвестицияларды тарту Бағдарлама әкімшісінің және жергілікті атқарушы органның басқа да жауапты құрылымдарының басым міндеті болып табылады.

      19. Бағдарламаны іске асыру үшін жеке инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауда жергілікті атқарушы органның уәкілетті өкілі ретінде уәкілетті ұйым – "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ болады.

      20. Әлеуетті инвесторларды тарту үшін Қостанай қаласы әкімдігінің ресми интернет - ресурсында орналастырылған ақпарат тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да қолжетімді ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

      21. Әлеуетті инвестор Қостанай қаласы әкімдігінің ресми интернет - ресурсында орналастырылған ақпараттан басқа объект бойынша қосымша қажетті ақпаратты жазбаша сұратуға құқылы. Мұндай жағдайда Бағдарлама әкімшісі немесе уәкілетті ұйым жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерінен, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінен және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ қажетті ақпаратты сұратады, олар жазбаша сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.

      22. Мүдделі болған жағдайда Әлеуетті инвестор ынтымақтастық туралы меморандум жасасу үшін Бағдарламаның әкімшісіне немесе уәкілетті ұйымға өтінім береді.

      23. Ынтымақтастық туралы Меморандум барлық жауапты бөлімдермен келісілген, тұрғын үйді жаңарту бойынша барлық қажетті іс-шараларды қамтитын егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын қамтуы тиіс.

      24. Ынтымақтастық туралы меморандум жасалғаннан кейін:

      реновациялауға жататын тұрғын үйлер бағдарлама әкімшісімен бірлесіп, инвестордың қатысуымен әлеуетті инвестор ұсынатын шарттармен танысу үшін көп пәтерлі үй тұрғындарының жалпы жиналысын ұйымдастырады. Бұл ретте, егер жиналысқа тұрғын үй пәтерлері меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, жиналыс заңды деп есептеледі;

      "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі реновацияға жататын апатты үйлерді жою (бұзу) бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

      "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі инвестормен бірлесіп жоспарланған тұрғын үйдің эскиздік жобасын әзірлейді және келіседі;

      "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жобаланатын тұрғын үйге қажетті коммуникацияларға техникалық шарттар ұсыну, инфрақұрылымды жеткізу және қуаттарды ұлғайту бойынша іс-шараларды қабылдайды;

      "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жобаланып отырған тұрғын үйді салу және абаттандыру үшін қажетті жер учаскелерін алып қою және уәкілетті ұйымға не инвесторға беру бойынша барлық қажетті іс-шараларды қабылдайды;

      жергілікті атқарушы органның барлық жауапты құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тұрғын үйді реновациялау бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда барлық рұқсат беру құжаттарын алу бойынша басым тәртіппен жәрдем көрсету бойынша міндеттемелер қабылдайды.

      25. Тұрғын үй тұрғындарының мақұлдауын алғаннан кейін Бағдарлама әкімшісі әлеуетті инвестормен құрылысқа негізгі инвестициялық келісім жасасуды ұйымдастырады.

      26. Жасалған инвестициялық келісімнің негізінде Бағдарлама әкімшісі инвестормен бірлесіп әрбір тұрғын және тұрғын емес үй-жайдың меншік иелерімен үшжақты келісім жасасады, онда Қостанай қаласы әкімдігінің және инвестордың құрылыс кезінде уақытша тұрғын үй беру жөніндегі міндеттемелері мен кепілдіктері бекітіледі.

5-тарау. Бағдарламаны іске асыру кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй және мүліктік құқықтарының кепілдіктері

      27. Бағдарламаға енгізілген тұрғын үйлердің барлық меншік иелеріне Инвестордың қаражаты есебінен тұрғын үй салынып жатқан уақытта уақытша тұрғын үй ұсынылады немесе тұрғын үй құрылысы аяқталғанға дейін тұрғын үйді уақытша жалға алғаны үшін ай сайынғы ақшалай өтемақы берілетін болады.

      28. Бағдарламаға енгізілген тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелеріне бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін, ақысыз негізде бірдей үй-жайлар берілетін болады:

      мұндай тұрғын үй-жайдағы (тұрғын емес үй-жайдағы) бөлмелердің жалпы алаңы мен саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес келетін, босатылатын тұрғын үй-жайдағы (тұрғын емес үй-жайдағы) бөлмелердің жалпы алаңы мен санынан кем емес;

      үй-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген абаттандыру стандарттарына сәйкес келеді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес жақсартылған әрлеуі бар;

      үй-жай Қостанай қаласының аумағында орналасқан.

      29. Бірдей үй-жайдың орнына Бағдарламаға енгізілген көп пәтерлі үйдегі үй-жайдың иесі ақшалай немесе заттай нысанда құны бірдей өтемақы алуға құқылы. Бұл ретте, құны тең өтем мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      30. Бағдарламаны іске асыру кезінде азаматтардың өмір сүруіне қолайлы орта құру, оның ішінде аумақты абаттандыруға, көше-жол желісін, тұрақ кеңістігін, қасбет маңындағы аймақтың тротуарларын қалыптастыруға, көгалдандырылған аула және квартал іші аумақтарды ұйымдастыруға қосымша талаптар белгілеу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.

      31. Бағдарламаны іске асыру мақсатында монолитті (құрастырмалы-монолитті) көп пәтерлі үйлерді, қазіргі заманғы панельді конструкциялардан көп пәтерлі үйлерді көшіруге арналған құрылыс қамтамасыз етілуге тиіс. Мұндай көп пәтерлі үйлер жоғары энергетикалық тиімділікке ие болуы керек және азаматтардың аз мобильді топтары үшін көп пәтерлі үйлерді бейімдеудің заманауи стандарттарына сәйкес келуі тиіс.

      32. Көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдерін бұзуға және/немесе пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің құқықтарын өзге де бұзуға заңнамада белгіленген тәртіппен жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады