Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 544 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Қ. Испергенов

  Рудный қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы 28 сәуірдегі
  № 544 қаулысымен
  бекітілді

Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Мекеме) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің мынадай ведомстволық бағынысты мекемелері бар:

      1) "Рудненская теплосеть" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) "Рудненский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      3) "Спутник-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      4) Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95 үй.

      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Рудный қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жолаушылар тасымалын реттеу және үйлестіру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жол саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      3) Рудный қаласы халқының қолжетімді және сапалы тұрғын үй, коммуналдық, көлік, жол қызметтеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру;

      4) азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы халықтың тұрмыс деңгейін арттыру;

      5) авариялық жағдайларды болдырмау, көлік инфрақұрылымын қолдау және нығайту;

      6) қаланың санитарлық жағдайын қолдау;

      7) Рудный қаласының сыртқы келбетін жақсарту;

      8) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

      9) қала көшелерін жарықтандыру;

      10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу;

      11) қаланы абаттандыру және көгалдандыру;

      12) елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      13) көлік инфрақұрылымын дамыту;

      14) автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      15) коммуналдық меншіктегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру;

      16) коммуналдық шаруашылықты дамыту;

      17) сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту;

      18) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

      19) Мекеменің қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Мекеменің мүдделерін білдіру;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) қатысады:

      бюджеттік бағдарламаларға сәйкес абаттандыру бойынша жылдық және перспективалық бағдарламаларды (есептерді) әзірлеуге;

      Мекеменің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша қала бюджеті жобасының негізгі көрсеткіштерін айқындауда барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан қала аумақтарын абаттандыру бойынша жоғарыда аталған қызметтерді конкурстық негізде сатып алуды жүзеге асырады;

      пәтер иелері тұтыну кооперативтерінің, мүлік иелері бірлестіктерінің, жай серіктестіктердің және халыққа қызмет көрсететін басқа да коммуналдық қызметтердің қызметін үйлестіруге;

      2) Рудный қаласында жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жұмыстарды ұйымдастырады;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;

      4) азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді (республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен);

      5) авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзуды қамтамасыз етеді;

      6) су бұру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      7) коммуналдық меншіктегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастырады;

      8) коммуналдық меншіктегі жылу-энергетикалық жүйені дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      9) көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады (республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен);

      10) автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      11) қалалық қоғамдық тасымалдауды ұйымдастырады;

      12) Рудный қаласындағы көшелерді жарықтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      13) Рудный қаласының санитариясы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      14) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      15) Рудный қаласын абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      16) меншік иелері тастап кеткен тұрғын үйді "иесіз" мүлік ретінде есепке қою және мемлекеттік коммуналдық меншікке сот тәртібімен аудару бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      17) азаматтардың мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіруі жөніндегі құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;

      18) меншік иелері тастап кеткен коммуникацияларды "иесіз" мүлік ретінде есепке қою және мемлекеттік коммуналдық меншікке сот тәртібімен аудару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      19) такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

      20) Мекеме балансында тұрған автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру бойынша қызмет көрсетеді;

      21) жеке және заңды тұлғаларға жер жұмыстарын жүргізуге ордерлер беру бойынша қызметтер көрсетеді;

      22) жасыл желектерді кесуге рұқсат беру бойынша қызмет көрсетеді;

      23) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою бойынша қызметтер көрсетеді;

      24) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

      25) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      26) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;

      27) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;

      28) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

      29) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      30) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;

      31) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат;

      32) электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

      33) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;

      34) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;

      35) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      36) ұсталған көлік құралдарын сақтауға арналған арнайы алаңдар мен тұрақтарды күтіп-ұстауды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      37) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      38) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) директорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады:

      "Рудненская теплосеть" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Рудненский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Спутник-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) Мекеменің барлық қызметкері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) Мекеме және ведомстволық бағынысты мекемелер қызметкерлерінің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестелерін бекітеді;

      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және Мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      8) өз құзыреті шегінде Мекеменің қаражаты мен мүлкіне билік етеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады