Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 05.10.2023 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Арқалық қаласы Молодежный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2021 жылғы 20 мамырдағы № 34 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қостанай облысы Арқалық қаласы Молодежный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Елтебаева |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 10 қазандағы | |
№ 161 шешіміне | |
қосымша | |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы 20 мамырдағы | |
№ 34 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Арқалық қаласы Молодежный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Көшенің атауы | Ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Молодежный ауылының тұрғындары үшін | 15 |
Набережная көшесі | 3 |
Дуванов көшесі | 3 |
Степная көшесі | 3 |
Молодежная көшесі | 3 |
Юбилейная көшесі | 1 |
Майкүтов көшесі | 2 |
Матросов ауылының тұрғындары үшін | 9 |
Матросов көшесі | 3 |
Набережная көшесі | 3 |
Степная көшесі | 3 |
Барлығы | 24 |