"Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 162 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 194 "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" және 2018 жылғы 30 қарашадағы № 500 "Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 194 "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулыларының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкім аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі Ә. Асанов

  Арқалық қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы "15" сәуірдегі
  № 162 қаулысымен
  бекітілді

"Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 22.08.2023 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Арқалық қаласы әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкім аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.

      9. Осы Ереже "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      12. * Міндеттері:

      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;

      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, қалада мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың және әлеуметтік және экономикалық процестерді басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, осы мақсаттарда барлық жергілікті атқарушы билік органдарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

      13. Өкілеттіктер:

      ** құқықтары мен міндеттері:

      1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда қала әкімінің, әкімдігінің, "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіруге;

      2) өз құзыреті шегінде әкімнің, әкімдіктің және "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, қала әкімі мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      14. **** функциялар:

      1) қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімінің кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды жоспарлау және дайындау мен өткізуді ұйымдастыру, кеңестердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу мен таратуды жүзеге асыру;

      2) қала, ауылдық округтер мен ауылдар әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде орындаушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізу және қала әкімін хабардар ету;

      3) Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметімен тікелей байланысты жүзеге асыру;

      4) Арқалық қаласы әкімдігінің кеңестеріне материалдар, талдамалық жазбалар дайындауды жүзеге асыру;

      5) қала әкімдігінің қызметі туралы мақалаларды жариялауды ұйымдастыру, БАҚ-та сюжеттерді орналастыру, баспасөз релиздерін дайындау және орналастыру, ақпараттық-имидждік саясатты іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау, баспасөз конференцияларын, сұхбаттарды, брифингтерді ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      6) қала әкіміне, әкімдікке әкімнің шешімдеріне, өкімдеріне, әкімдік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күшін жою не заң күшін жоғалту туралы ұсыныс енгізу;

      7) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, облыс әкімі мен әкімдігінің, сондай-ақ Арқалық қаласы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жергілікті атқарушы органдардың және Арқалық қаласы ауылдық округтері мен ауылдарының әкімдерінің жүзеге асыруы;

      8) құзыреті шегінде, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдау және жазбаша түсініктемелерін талап ету;

      9) соттарда қала әкімі мен әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;

      10) әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу;

      11) дайындалған нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жүргізу, қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу;

      12) құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтарды көтермелеу, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

      13) алқабилерге кандидаттардың тізімін қалыптастыру;

      14) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі жұмысты және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      15) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қараусыздығына, панасыздығына, құқық бұзушылықтарына және қоғамға жат әрекеттеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      16) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру оларды аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      17) мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;

      18) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

      19) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктерге қажеттілігін талдау және жоспарлау;

      20) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

      21) мемлекеттік орган кадрларының мониторингі және кадрлық іс жүргізуді жүргізу, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде);

      22) мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметтен өтуді қамтамасыз ету;

      23) мемлекеттік органда кәсіптік бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастыру;

      24) "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;

      25) кадр мәселелері жөніндегі конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      26) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) сақталуын қамтамасыз ету;

      27) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;

      28) мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту;

      29) мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

      30) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;

      31) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындау жөніндегі мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

      32) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын персоналды басқару жөніндегі өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

      33) қала әкімі мен әкімдігінің, оның ішінде құпия іс жүргізудің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ұйымдастыру және жүргізу;

      34) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, қала әкімі мен оның орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүргізуді ұйымдастыру;

      35) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес көрсетілетін электрондық қызметтерді дамыту бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға жәрдем көрсетеді;

      36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;

      37) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсетеді, Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы уәкілетті орган өткізетін қала аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды (жаттығуларды) өткізуге қатысады;

      38) атқарушы органдардың жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында оларды жұмыс істеуге ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды ұйымдастырады;

      39) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп Арқалық қаласының тиісті кезеңге арналған жұмылдыру жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;

      40) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, облыстық басқармалармен жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында өзара іс-қимыл жасайды;

      41) терроризмнің алдын алу, оның салдарын барынша азайту және (немесе) жою саласында мемлекеттік органдардың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      42) терроризмнің профилактикасы, оның салдарын барынша азайту және (немесе) жою саласында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері қызметінің келісілуіне теріс әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтауды және жоюды ұйымдастырады;

      43) терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

      44) терроризмнің алдын алу саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу және келісілген жүзеге асыру жөніндегі терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын дайындауды қамтамасыз етеді;

      45) азаматтық қорғау іс-шараларының кешенін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, төтенше жағдайлардан, өрт қауіпсіздігінен және қаланың су объектілеріндегі адамдардың қауіпсіздігінен халық пен аумақтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      46) азаматтық қорғаудың қалалық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз етеді, өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың қалалық кіші жүйесін құру мен басқаруда әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      47) қаланың төтенше жағдайлар бөлімімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жариялау, соғыс жағдайын енгізу кезінде және соғыс уақытында атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс жоспарында көзделген іс-шаралар кешенін іске асыруды ұйымдастыру;

      48) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының дайындығын бақылайды, қала тұрғындарын төтенше жағдайлар туралы хабардар етуді және хабардар етуді ұйымдастырады;

      49) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы, терроризмнің профилактикасы, азаматтық қорғау, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      50) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асырады;

      51) сайлау өткізуді қамтамасыз ету (материалдық - техникалық құралдармен қамтамасыз ету, сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы есептеу және аудару);

      52) жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберінде іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      53) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

      54) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескертпе:

      * мемлекеттік органның міндеттері деп Мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары түсініледі.

      ** мемлекеттік органның құқықтары деп белгілі бір әрекеттерді жасау, басқа адамнан (басқа адамдардан) белгілі бір мінез-құлықты (әрекеттерді немесе әрекеттер жасаудан тартынуды) талап ету мүмкіндігі түсініледі.

      *** мемлекеттік органның міндеттері деп Мемлекеттік орган орындауға міндетті іс-қимылдар шеңбері ұғынылады.

      Міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырылады.

      **** мемлекеттік органның функциялары деп мемлекеттік органның қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыруы түсініледі.

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;;

      2) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың қабылданбауына дербес жауапты болады;

      3) азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      4) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымы мен штаттық саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді және оларды қала әкіміне бекітуге енгізеді, еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтермелеулер (сыйақылар) белгілейді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мамандары мен техникалық қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      6) "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Өз құзыреті шегінде қаржы құжаттарына қол қояды;

      8) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      19. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысы басқарады.

4 тарау. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      21. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады