"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Ибраев |
Әкімдіктің | |
2022 жылғы "01" сәуір | |
№ 119 қаулысымен | |
бекітілді |
"Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) қаланың шекаралары шегіндегі жер қатынастарын реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31-үй.
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) жер заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
2) жер қатынастары саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
2) Міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жер учаскелерін жеке меншікке, жер пайдалануға беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
3) қаланың жергілікті атқарушы органдарының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруі бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
4) жер сауда-саттығын (аукциондар, конкурстар) жүргізуді ұйымдастырады;
5) жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын, жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасады, жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
6) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да объектілерінің есебін жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
8) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындайды;
9) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады;
10) қала жерлерінің балансын жасайды;
11) иесіз жер учаскелерін анықтауды жүзеге асырады және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі қаланың атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
13) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және қала жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттері:
қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие, шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті лауазымдық міндеттерді бөледі және бекітеді, бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
іссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртіп пен жоспарларды бекітеді;
жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.