Мәслихаттың 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 73 "Лисаков қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 189 шешімі

      Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Лисаков қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 73 "Лисаков қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Лисаков қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы С. Шалдыбаева

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 189 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2021 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 73 шешімімен
  бекітілді

"Лисаков қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Лисаков қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 24 шiлдедегi № 65 шешімімен құрылды, Лисаков қалалық мәслихатының, оның органдырының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихат төрағасы (айымы) өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Лисаков қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31 үй.

      10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппараты функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер мәслихат аппараты заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      азаматтармен және ұйымдармен Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауға жәрдемедесу;

      қалалық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету, қалалық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      қалалық мәслихатпен қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      қалалық мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету;

      қалалық мәслихаттың ақпараттық жүйесін жетілдіру;

      бұқаралық ақпарат құралдары, қалалық мәслихаттың ресми сайты мен әлеуметтік желілер арқылы халықты қалалық мәслихаттың, оның органдарының және депутаттардың қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету, қалалық мәслихатпен қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді жариялау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасау және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мәслихат аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      мәслихаттың Регламентіне сәйкес қалалық мәслихат сессияларының және тұрақты комиссияларының отырыстарын дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету;

      депутаттарға мәслихат сессиясы шешімдерінің, тұрақты комиссиялары қаулылары мен қорытындыларының жобаларын дайындауға көмек көрсету;

      заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындаудың мерзімдері мен нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру;

      лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға қалалық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

      азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталуын қамтамасыз ету.

      15. Функциялары:

      мәслихатты және оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Депутаттарға жоспарлады, аумақты дамыту бағдарламасын, жергілікті бюджет жобаларын, қағидаларды, құрылыстың бас жоспарының жоспарлау сызбалары мен жобаларын бекіткен кезде өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      қалалық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары мен өзге де шешімдердің жобалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуін бақылау, қалалық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;

      келіп түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының қалалық мәслихат депутаттары алдында өз қызметі туралы берілетін есептерін жинау, талқылау;

      мәслихаттың ресми сайтын қалалық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратпен толтыру және оның тараулары жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      қалалық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге шығындарды айқындау, іссапар шығындарын өтеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Лисаков қалалық мәслихаты төрағасының (айымының) мәртебесі, өкілеттігі

      16. Мәслихат аппаратына басшылықты Лисаков қалалық мәслихатының төрағасы (айымы) (бұдан әрі – мәслихат төрағасы (айымы) жүзеге асырады, ол мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Мәслихат төрағасын (айымын) сессияда депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихатпен сайланады және қызметтен босатылады.

      18. Мәслихат төрағасының (аймының) орынбасарлары жоқ.

      19. Мәслихат төрағасының (айымының) өкілеттіктері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша белгіленген:

      мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      мәслихат аппаратының өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мәслихат аппаратының атынан өкілдік етеді;

      мәслихат аппаратының барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қоюға құқығы бар;

      сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда мәслихат аппаратының мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;

      өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Мәслихат төрағасы (айымы) болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихат аппаратының басшысы басқарады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкi

      21. Мәслихат аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастырылуы мен жойылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады