"Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 36 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – ММ) туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап "Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" ММ туралы ережені бекіту туралы" 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 327 Алтынсарин ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылсын.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданының әкімі А. Сартов

  2022 жылдың "29" наурыздағы № 36
  Алтынсарин ауданы
  әкімдігінің қаулысымен
  "БЕКІТІЛДІ"

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі экономиканы, қаржыны, коммуналдық меншік объектілерін басқару, Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, сондай-ақ Алтынсарин аудан бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Бөлімнің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4.

      9. Бөлім осы Ереже құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) Аудан аумағында әлеуметтік-экономикалық реформалар, бюджеттің атқарылу қаржысы мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      2) Алтынсарин ауданының коммуналдық меншігін басқаруды жүзеге асыру;

      3) ауданның жергілікті атқарушы органдарының бюджеттің атқарылуы және экономикалық реформаларды іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

      4) ауданның экономика, коммуналдық меншік бюджетінің орындалуына мониторинг жүргізу;

      5) ауданның әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламаларын қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерде әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;

      6) бюджеттік жоспарлау және қаржылық реттеу әдістерін жетілдіру.

      13. Өкілеттіктер:

      Құқықтары мен міндеттері:

      1) аудандық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің аудан бюджетінің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілері талаптарының сақталуына; аудан бюджетінен берілген бюджет қаражатының, оның ішінде кредиттердің нысаналы пайдаланылуына; ауданның коммуналдық кәсіпорындарының аудандық бюджетке таза кіріс үлесін Шаруашылық серіктестіктердегі мемлекеттік үлестерге аударуының толықтығы мен уақтылығына бақылауды жүзеге асыру коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен;

      2) Аудан аумағында орналасқан мекемелерден, кәсіпорындардан және ұйымдардан, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына байланысты, Ауылдық округ және ауыл әкімдері аппараттарынан Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат алуға;

      3) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша секвестр белгіленетін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтата тұруға құқығы бар;

      4) Өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нұсқаулар мен нұсқамалар беруге міндетті;

      5) істерді зерделеу және жергілікті жерлерде көмек көрсету үшін басқа бөлімдердің мамандарын тартуға құқылы;

      6) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тиісті ведомстволармен және ұйымдармен келіссөздер жүргізуге міндетті;

      7) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне талдау жүргізу, жұмысты жақсарту туралы қажетті ұсыныстар беру;

      8) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша экономика мәселелеріне жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарымен келісім бойынша кеңестер шақыру;

      9) жергілікті басқару органдары мен әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламаларының, перспективалық жоспарларының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;

      10) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша аудан әкімдігінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуге;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы;

      12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты функцияларды жүзеге асыру;

      13) аудан бюджетінің орындалуында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша Қаржылық бақылау объектілерінің лауазымды тұлғаларын тыңдау;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

      14. Функциялар:

      1) аудан бюджетін жоспарлауды, есепке алуды ұйымдастыру;

      2) шараларды әзірлеуге қатысады және аудан әкіміне ауданның қаржылық сауығуы бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және ауданның бюджеттік параметрлерін әзірлеуге қатысады;

      4) ауданның экономикалық даму бағдарламаларын әзірлейді;

      5) бағдарламаларды, ағымдағы орта мерзімді жоспарларды әзірлеу бойынша мекемелердің, ұйымдардың жұмысын үйлестіреді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      6) жұмыс органы ретінде бюджет комиссиясының жұмысына қатысады;

      7) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне аудан бюджеті шығыстарының лимиттерін, сондай-ақ ауданның бюджет комиссиясы айқындаған үш жылдық кезеңдегі аудан бюджетінен қаржыландырудың тізбесі мен көлемін жеткізеді;

      8) аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды;

      9) жергілікті атқарушы органның мәслихат шешімін іске асыру туралы, ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы актісіне, мемлекеттік мекеменің өтінімдеріне сәйкес аудандық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;

      10) қарыз алушылардың бюджеттік кредиттерді қайтаруын тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді;

      11) мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік коммуналдық мүлікті есепке алу мәселелері бойынша мекемелердің жұмысын үйлестіреді;

      12) өз құзыреті шегінде аудандық бюджет мекемелері қызметінің мониторингін жүзеге асырады;

      13) макроэкономикалық көрсеткіштер және мемлекеттің ақша - кредит саясаты негізінде қысқа және орта мерзімді перспективаға арналған аудан бюджетінің кірістері мен шығыстары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      14) Қазақстан Республикасының, облыстың және ауданның әлеуметтік - экономикалық даму жоспарларының негізінде алдағы жылдарға ауданның аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері бюджеттерінің жобасын жасайды;

      15) аудандық коммуналдық мүлікті қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;

      16) коммуналдық мүліктің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлікті алып қоюды бақылау;

      17) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізбесін қалыптастырады;

      18) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады;

      19) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      20) реквизицияланатын мүлік үшін ақшалай өтем төлейді;

      21) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару кезінде өтем төлейді;

      22) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

      23) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      24) шағын кәсіпкерлік субъектісінің мүліктік (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      25) ауданның коммуналдық мүлкіне түгендеу жүргізуді ұйымдастырады;

      26) мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлікті алып қоюды жүзеге асырады не оны басқа мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөледі;

      27) коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асырады;

      28) ауданның ауылдық елді мекендеріне тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарын әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      29) Мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ олардың сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;

      30) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      32) Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы Алтынсарин ауданының әкімі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

      33) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырыс беруші ұсынған тапсырмаларды қарайды;

      34) Тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (Аукциондық конкурстық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;

      35) конкурстық комиссияның (аукциондық және конкурстық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

      36) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;

      37) конкурстық құжаттаманың (аукциондық және конкурстық комиссияның) ережелерін түсіндіреді;

      38) Тапсырыс берушіге олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы (аукциондық және конкурстық құжаттаманы) алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан; мемлекеттік сатып алу туралы және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық және конкурстық құжаттаманың) техникалық ерекшелігінің жобасына ұсыныстар мен ескертулер жібереді;

      39) тәсілмен мемлекеттік сатып алудың (аукционның, конкурстардың) жеңімпазын айқындайды.

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. Бөлім міндеттерін орындау және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру, Бөлімге басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

      бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда бөлім атынан өкілдік етеді;

      бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      18. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады