"Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 ақпандағы № 42 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Теменов

  Әулиекөл
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 15 ақпан
  № 42 қаулысымен
  бекітілді

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –қаржы бөлімі) бюджетті орындау, аудандық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепке алуды және есептілікті жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын, коммуналдық меншік объектілерін басқару функцияларын, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қаржы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Қаржы бөлімі азаматтық- құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Бөлімнің заңды мекенжайы: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Сьянов көшесі, 53.

      10. Осы ереже Қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Қаржы бөлімінің қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектiлерiмен қаржы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Қаржы бөліміне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мiндеттерi:

      1) бюджетті орындау және коммуналдық меншікту басқару саласындағы басқару функцияларын, уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады;

      2) қаржы және әлеуметтiк – экономикалық реформалар мәселелерi жөнiнде аудан аумағында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

      3) мемлекеттiк макроэкономикалық көрсеткiштерi және ақшалай – кредиттiк саясаты негiзiнде қысқа және орта мерзiмдiк болашаққа аудан бюджетiнiң кiрiстерi мен шығыстары бойынша ұсыныстарды әзiрлеу;

      4) бюджеттiк-қаржылық жоспарлау мен реттеудiң әдiстерiн жетiлдiру;

      5) мемлекеттiк коммуналдық меншiктi мемлекет мүддесiнде тиiмдi басқару;

      6) уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

      14. Өкілеттіктер:

      1) Құқық:

      өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша секвестр белгіленетін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      2) Мiндеттерi:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      15. Функциялар:

      1) Әулиекөл ауданының қаржысын басқаруды жүзеге асырады;

      2) шараларды әзірлеуге қатысады және аудан әкіміне экономиканы қаржылық сауықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;

      4) қарыз алушылардың бюджеттік кредиттерді пайдалануына және қайтаруына мониторинг жүргізеді;

      5) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде бюджеттік бағдарламалардың толық және уақтылы орындалуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

      6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімі бойынша түсімдердің болжамды көлемдерін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізеді;

      7) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      9) төлемдердің уақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшін алдағы кезеңде бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтілетін көлемін айқындайды;

      10) қарыз алу арқылы ақша тарту процесін ұйымдастырады;

      11) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын нысандар бойынша және мерзімдерде олардың есебін жүргізеді;

      12) қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларын ай сайын бөлуді талдау және бағалау, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландыру жоспарларына енгізетін өзгерістердің негізділігі, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау арқылы бюджет қаражатының игерілуіне мониторингті жүзеге асырады;

      13) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, оның ішінде акциялардың мемлекеттік пакеттерін және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерін сатуға құжаттарды дайындайды және мониторингті жүзеге асырады;

      14) шарттарға қол қоюға қатысады, сондай-ақ мемлекеттік меншікті жалдау, жалға беру, сенімгерлік басқару, сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз етеді;

      15) коммуналдық мемлекеттік меншік және оның мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді;

      16) аудан аумағында коммуналдық мемлекеттік мүліктің сақталуы мен пайдаланылуы мәселесі бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      17) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген басқа да есептерді әкімдікке, Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасына, ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;

      18) уәкілетті органға және облыстың жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті және басқа да ақпаратты жинауды, жинақтауды және ұсынуды жүзеге асырады;

      19) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

      20) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      21) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

      22) облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесін дайындайды;

      23) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      24) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

      25) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      26) коммуналдық мүліктің тізілімін жүргізеді;

      27) мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін беруші және қабылдаушы Тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қойған тапсыру актісін бекітеді;

      28) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

      29) Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырмаларды қарайды;

      30) Тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;

      31) конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      32) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

      33) Мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;

      34) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіреді;

      35) Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, олар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулер жібереді;

      36) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

      37) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жібереді;

      38) Қазақстан Республикасы "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатадының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі мемлекеттік органның атауы

      16. Қаржы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Қаржы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Қаржы бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қаржы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Қаржы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен қаржы бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) Қаржы бөлімінің бұйрықтарына қол қояды;

      5) Қаржы бөлімінің штат кестесін бекітеді;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қаржы бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізеді және осы үшін дербес жауапты болады;

      8) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

      9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Қаржы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Қаржы бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, қаржы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады