"Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 81 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі Е. Теменов

  Әулиекөл ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 20 сәуір
  № 81 қаулысымен
  бекітілген

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кентішілік маршруттық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын пайдалану, тұрғын үй қорын басқару, газбен жабдықтау және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік қадағалау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындары Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құсмұрын жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мерей" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

      3. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Байтұрсын көшесі, 49.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып саналады.

      12. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      Егер "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      13. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде жеке мөртабаны бар тұрғын үй инспекторының штат бірлігі көзделген.

2 тарау. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Міндеттері:

      1) автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жөндеуді ұйымдастыру және көлік, жол инфрақұрылымын дамыту;

      2) автожол саласы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;

      3) тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру;

      4) халықтың өмірі үшін қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық фон жасау;

      5) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;

      6) меншік нысанына қарамастан ауданды жылу және электр энергиясымен, сумен тұрақты жабдықтаудағы барлық учаскелерді (жеткізушілер мен тұтынушылар) жедел үйлестіру;

      7) Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      8) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

      9) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.

      15. Өкілеттіктер:

      Құқығы:

      1) аудан әкімі мен әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, даму стратегиялары мен басымдықтары туралы ұсыныстар енгізуге;

      2) өз құзыреті шегінде мердігерлерге орындау үшін міндетті нұсқаулар мен нұсқамалар беру;

      3) аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      4) аудан мекемелерінің, кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құрылымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тексеру, сараптама және кеңес жүргізу және комиссия жұмысына қатысу үшін тарту;

      5) өз құзыреті шегінде аудан аумағында энергетикалық қызметтің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылатын энергетикалық саясатты іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

      6) өз құзыреті шегінде бақылау мақсатында энергетика, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне бару;

      7) ауданның қаржы-несие, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты бойынша шешімдерді әзірлеу, талқылау үшін қалыптастырылатын консультативтік комиссиялардың және жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

      8) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беру;

      9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді, "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

      10) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсыну;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      Міндеттері:

      1) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

      2) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      16. Функциялары:

      1) аудан кәсіпорындарын күзгі-қысқы жағдайларда және су тасқыны кезеңінде жұмысқа дайындау бойынша жұмысты үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;

      2) ауданның елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, санитарлық тазалау айлықтарын ұйымдастыру;

      3) ауданның инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың басым бағдарламаларын талдау, түзету және іске асыруға жәрдемдесу;

      4) тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы бәсекелес нарықты дамыту;

      5) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      6) энергия үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын дамыту іс-шараларының орындалуын бақылау;

      7) жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық және аумақтық бөлімшелерімен және лицензиялау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      10) ауданның мемлекеттік энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық саясатын және инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      11) меншік нысанына қарамастан, ауданды жылу, су, газ және электр энергиясымен тұрақты жабдықтауда барлық қатысушылардың (жеткізушілер мен тұтынушылардың) өзара іс-қимылын үйлестіру;

      12) заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

      13) Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      14) Әулиекөл ауданы бойынша аумақты дамыту бағдарламасына талдау және мониторинг жүргізу;

      15) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекарасының шегіндегі қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда, 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын (жылумен жабдықтау ұйымдары) қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалау, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;

      16) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, оның ішінде:

      17) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімін сақтауы, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуы;

      18) пәтер иелерінің ортақ мүлкін, объектідегі тұрғын емес үй-жайды және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтарды пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібін сақтау;

      19) көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуы;

      20) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын бақылайды;

      21) көп пәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      22) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды орындау;

      23) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізу;

      24) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасы;

      25) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау;

      26) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды орындау;

      27) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру жатады;

      28) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді:

      28.1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы ақпарат;

      28.2) тексерулер кестесі және олардың нәтижелері туралы;

      28.3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;

      28.4) елді мекен шегінде құрылған қарапайым серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және енгізу.

      17. Ведомствоның функциялары:

      1) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтер;

      2) су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің қызметтері;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі мемлекеттік органның атауы

      18. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне басшылықты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен.

      20. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жұмысын ұйымдастырады;

      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құрылымын, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, бұйрықтар шығарады, қаржылық құжаттарға қол қояды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мүддесін қорғайды сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен;

      6) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      7) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      8) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      10) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлігі

      21. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, оның мүлкі және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлік.

5 тарау. Мемлекеттік органның жұмыс жұмыс режимі

      24. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады