"Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 61 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 252 "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Нұрғалиев Б.М.

  Денисов ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "5" наурыздағы
  № 61 қаулысымен
  бекітілген

"Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның стратегиялық, экономикалық бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджетті атқару, жергілікті бюджетті атқару бойынша бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу, ауданның мемлекеттік сатып алуды жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, коммуналдық меншік объектілерімен жұмысты жүзеге асырады.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Республиканың Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат санының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинина көшесі, № 5 үй.

      9. Осы Ереже "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер, "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленген болмаса.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын және бюджеттік параметрлерін тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін құру және дамыту, қаржы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, жергілікті бюджетті атқару бойынша бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу, ауданның мемлекеттік сатып алуын өткізу, сондай-ақ коммуналдық меншікпен жұмыс.

      13. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      - "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін іс-шаралар кешенін орындау үшін талап етілетін мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату, есептер және басқа да мәліметтер алу;

      - "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет саласына қатысты мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға олардың орындалуын бақылауға тапсырмалар беру тиісті;

      - аудан әкімдігінің қарауына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ауданды дамытудың басымдықтары мен бағыттары бойынша, аудан бюджетін бекіту, нақтылау, түзету бойынша, ауданның коммуналдық меншігін басқару және мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша ұсыныстар енгізу;

      - "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      - ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу;

      - аудан аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу және мониторинг жүргізу;

      - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкестігін қарау, қорытындылар қалыптастыру және оларды ауданның бюджеттік комиссиясына жолдау;

      - кезекті жоспарлы кезеңге арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлеу және бюджетті нақтылау мен түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      - бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу, инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындылар дайындау;

      - бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі және бағалау;

      - "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету;

      - қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялар:

      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) басым Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады;

      3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеуге қатысады;

      4) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлейді және бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізеді;

      5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру және өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

      6) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі;

      7) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізеді;

      8) аудан дамуының негізгі көрсеткіштеріне экономикалық талдау және болжам жасайды, бес жылдық кезеңге арналған аудан дамуының бағдарламасын әзірлейді;

      9) бюджеттік бағдарламалардың, бюджеттік инвестициялардың іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

      10) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штат кестелеріне талдауды жүзеге асырады;

      11) жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларына экономикалық сараптама жүргізеді;

      12) мерзімдерге және бюджет комиссиясы айқындаған күн тәртібіне сәйкес бюджет комиссиясының отырыстарына материалдар дайындайды;

      13) ауданның қаржысын басқаруды жүзеге асырады;

      14) түсімдердің жиынтық жоспарын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жасайды және бекітеді;

      15) артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды және салықтық емес түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асырады;

      16) аудан бюджетінің орындалуын ұйымдастырады;

      17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен түсімдердің жиынтық жоспарына және төлемдер мен міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      18) шарттарға қол қоюға қатысады, сондай - ақ коммуналдық меншікті жалдау, жалға беру, сенімгерлік басқару, сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз етеді;

      19) жеке және жиынтық қаржыландыру жоспарларын әзірлейді, бекітеді және орындайды;

      20) бөлім мамандарының біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      21) иесіз жылжымайтын мүліктің тізілімін жүргізеді және оны ауданның коммуналдық меншігіне айқындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      22) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      23) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      24) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту туралы қаулының жобасын әзірлейді;

      25) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), иесіз деп танылған аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

      26) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      27) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды жүзеге асырады;

      28) ауданның мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады;

      29) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді;

      30) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;

      31) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап-арыз дайындайды;

      32) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүргізеді – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;

      33) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды;

      34) әлеуметтік қолдау шараларын алған мамандардың міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді және проблемалық қарыз алушылар бойынша сот органдарына хабарламалар мен тиісті материалдарды дайындайды;

      35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      15. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін дербес жауапты болады. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау міндеттері мен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру.

      16. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастырады;

      2) "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;

      3) "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымын, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, бұйрықтар шығарады, қаржылық құжаттарға қол қояды, "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      5) "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұсынады;

      6) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      7) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      8) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      10) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшының өкілеттіктерін орындау, ол болмаған кезеңде, оны алмастыратын адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      18. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меншік иесі оған берген мүлік, сондай-ақ мүлік есебінен қалыптастырылады (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. "Денисов ауданы әкімдігінің экономики және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады