Денисов ауданының Қырым ауылы әкімі ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 2 "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 157267 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "Қырым ауылдық округі", "Қырым ауылдық округінің" деген сөздер "Денисов ауданының Қырым ауылы", "Денисов ауданының Қырым ауылының" болып ауыстырылсын;
"Озерное ауылындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қырым ауылдық округінің" деген сөздер "Қырым ауылының" болып ауыстырылсын.
2. "Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауданының Қырым ауылының әкімі | М. Ізбасаров |