"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | Н. Өтегенов |
Жітіқара ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 5 қаңтардағы | |
№ 6 қаулысымен | |
бекітілген |
"Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ) ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Естай Ещанов көшесі, 13 құрылыс.
10. Осы Ереже "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;
4) аудан экономикасында аграрлық сектордың жалпы ішкі өнімінің үлесін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын өзгерту тұрғысынан заңнама мониторингі;
7) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1) агроөнеркәсіптік кешеннің жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;
2) әкімнің, әкімдіктің қарауына "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік органының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларды аудан аумағында іске асыруды қамтамасыз ету;
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
5) "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
6) өз құзыреті шегінде лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
7) "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудандық мәслихаттың, аудандық консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысу;
8) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;
Міндеттері:
1) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде ауыл шаруашылығын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну болып табылады;
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
15. Функциялары:
1) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру болып табылады;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
5) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
6) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдігіне) есептілікті ұсыну;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
8) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшылықты "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
19. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысының өкілеттігі:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
3) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің атынан өкілдік етеді;
5) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің штат санының лимиті шегінде "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ шығыстар сметасын, құрылымын және штат кестесін бекітеді;
6) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
"Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.