Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне отыз жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желісінің желілік-кәбілдік құрылыстарын төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының аумағында орналасқан ауданы 3,2763 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Шуншалинова |