Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородное ауылы әкімінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 8 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес Жітіқара ауданы Пригородное ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне отыз жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желісінің желілік-кәбілдік құрылыстарын төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданы Пригородное ауылының аумағында орналасқан ауданы 1,5121 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданының Пригородное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданы Пригородное ауылының әкімі Ж. Идильбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады