"Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 98 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Қамысты ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "24" мамырдағы
  № 98 қаулысымен
  бекітілген

"Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу және есептілікті жүргізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында функцияларды басшылықты жүзеге асыратын, Қамысты ауданы әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функциясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанова көшесі, 61 үй.

      10. Осы Ереже Қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Қаржы бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен қаржы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер қаржы бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) қаржы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы, аудандық коммуналдық меншікті басқару, оларды қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік кепілденділген қызметтерді ұсыну бойынша және оларға жүктелген мемлекеттік функцияларды орындау жергілікті атқарушы органның қызметіне қол жеткізуге бағытталған бюджеттік саясатты іске асыру;

      3) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау, бюджеттік есепке алуды жүргізу;

      4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді, оның ішінде Қамысты ауданы әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету;

      5) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      6) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      2) міндеттері:

      - өз құзыретіне кіретін, мемлекеттік сатып алу саласы, аудандық бюджетті атқару және аудандық коммуналдық мүлікті басқару мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру;

      - мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етеді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады, бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады;

      2) аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді, аудандық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;

      4) аудан бюджетінің атқарылуы туралы, жергілікті бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасайды;

      5) бюджет шығыстарының атқарылуының бюджеттік мониторингін жүзеге асырады, аудан бюджетінің шығыс бөлігін орындау туралы талдамалы есепті жасайды, бюджеттік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жүзеге асырады;

      6) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, он қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, аудандық коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастырады, пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

      7) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу және жасасуды және сатып алу- сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

      9) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      10) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай Қамысты ауданы әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      11) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырмасын қарайды;

      12) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Мемлекеттік органның, басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Қаржы бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады, ол қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Қаржы бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Қаржы бөлімінің басшысының өкілеттіктері:

      1) "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

      2) барлық ұйымдарда "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;

      3) "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      4) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікті басқарады;

      5) шарттар жасасады;

      6) сенімхаттар береді;

      7) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

      8) барлық қызметкерлерге орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады және наградтау шараларын қолданады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Қаржы бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Қаржы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қаржы бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады