"Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 217 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік орган туралы үлгі ережесіне сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.

      2. Мәслихаттың 2016 жылғы 18 мамырдағы № 29 "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы С. Кстаубаева

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 217 шешімімен
  бекітілген

"Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырушы, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Қамысты аудандық мәслихатының аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Қамысты аудандық мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қамысты аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Қамысты аудандық мәслихатының аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Қамысты аудандық мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Қамысты аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61.

      10. Осы Ереже "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Қамысты аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Қамысты аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесіне әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары: азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсу, шарт жасасу және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжатты және басқа да материалдарды алуға және сұратуға;

      мәслихат аппаратының қарауына жататын, мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      2) міндеттері:

      "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы жүзеге асырады.

      16. "Қамысты аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.

      17. "Қамысты аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.

      18. "Қамысты аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентін сақтауды қамтамасыз етеді;

      4) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

      5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      6) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

      8) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      9) Осы Заңның 24- бабының 1- тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру бастамашы болған мәселелер, мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

      12) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

      13) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Заңмен, мәслихаттың регламентімен және шешімімен қарастырылған, өзге бе өкілеттіктерді орындайды.

      "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      19. Қамысты аудандық мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихаты аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады