"Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 128 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Халықов

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "30" маусымдағы
  № 128 қаулысымен
  бекітілген

"Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдері дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары:

      1) Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарабалық аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік мекемесі;

      2) Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарабалық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қарабалық ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 33.

      10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Бөлімнің құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

      3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау;

      4) тарихи-мәдени мұраны сақтау;

      5) ведомстволық бағынысты ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту.

      14. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      сотта талапкер және жауапкер болу, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттер:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс пен аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тіл туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

      мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарын ұстауға арналған бюджетті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      мәдениет және тілдерді дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;

      мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарды мен құжаттарды дайындау;

      ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялар:

      1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тіл туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауды жүзеге асырады;

      2) ауданның жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның мемлекеттік мәдениет және тілдерді дамыту ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      3) ауданның мәдениет және тілдерді дамыту ведомстволық бағынысты ұйымдардың мәдени-демалыс, кітапхана қызметін дамыту және тілдерді дамыту жөніндегі қызметін қолдайды және үйлестіреді, әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;

      4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      5) мәдениет, мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту саласында аудан деңгейінде әлеуметтік маңызы бар, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      7) Бөлімнің құзыреті шегінде тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау және пайдалану, олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      8) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      10) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 22.05.2024 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімге басшылықты "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) жұмысты ұйымдастырады және басшылық жасайды, Бөлім қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін ұсынады;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және бөлім қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;

      7) бөлім қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;

      8) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      11) белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде мемлекеттік органның міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

      12) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      20. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады