Қостанай облысы Қарабалық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" № 540 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 136 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 60 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 13.11.2023 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қарабалық ауданының маслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қостанай облысы Қарабалық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиыны қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" № 540 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңы редакцияда жазыслын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімінің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімге қосымшаларда:

      "Мәслихаттың 2020 жылғы 30 қазандағы № 540 шешімімен бекітілген", "Мәслихаттың 2020 жылғы 30 қазандағы № 540 шешіміне қосымша" деген сөздер "Қарабалық аудандық мәслихатының шешіміне 1-қосымша" және "Қарабалық аудандық мәслихатының шешіміне 2-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық аудандық мәслихатының хатшысы А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қособа ауылдық округінің әкімі

      ________________ Е. Бисекеев

      2022 жылғы "__ " ___________

  Қарабалық аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 13 мамырдағы
  № 136 шешіміне
  1-қосымша
  Мәслихатының
  2022 жылғы 30 қазандағы
  № 540 шешімімен
  бекітілген

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес әзірленді және Қособа ауылдық округінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қособа ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қособа ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін он күнге.

      7. Учаске шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қособа ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашылуы алдында тиісті учаскенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қособа ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Қособа ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін учаске тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Қособа ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

  Қарабалық аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 13 мамырдағы
  № 136 шешіміне
  2-қосымша
  Мәслихатының
  2020 жылғы 30 қазандағы
  № 540 шешімімен
  1-қосымша

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елдің мекеннің атауы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылы тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Октябрьское ауылы тұрғындары үшін

1

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Қособа ауылы тұрғындары үшін

2

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Қарашакөл ауылы тұрғындары үшін

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады