Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қособа ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 8 "Славен ауылының "Ж.А. Жатиев" жеке кәсіпкерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 13 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 16 қыркүйекте № 01-20/307 ұсынысы негізінде Қособа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылының "Жатиев Жанболат Адильханович" жеке кәсіпкерінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қособа ауылдық округі әкімінің "Славен ауылының "Ж.А. Жатиев" жеке кәсіпкерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 28 шілдедегі № 8 шешімі күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Руспубликасы нормативтік құқықытық актілерінің этанондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қособа ауылдық округінің әкімі Е. Бисекеев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Қарабалық

      аудандық аумақтық инспекциясы" ММ

      басшысы

      ________________ М. Балмагамбетова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      ветеринария басқармасы" ММ

      Қарабалық ауданы бойынша

      мемлекеттік ветеринариялық дәрігері

      _________________ Ж. Джаксыбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы әкімдігі ветеринария

      басқармасының "Қарабалық ауданының

      Ветеринариялық станциясы" КМК

      директорының м. а.

      _______________________ К. Султанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитариялық - эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Қостанай облысының

      санитариялық – эпидемиологиялық

      бақылау департаменті Қарабалық

      аудандық санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      басқармасы" РММ басшысы

      _______________________ С. Каратаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады