"Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 59 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауданы әкімі В. Радченко

  Қарасу
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 8 сәуірдегі
  № 59 қаулысымен
  бекітілген

"Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ) жер қатынастарын реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исақов көшесі, 66.

      9. Осы Ереже "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) жер заңнамасын, аудандық өкілді және атқарушы органдардың шешімдерін орындау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.

      13. Өкілеттіктері: заңнамамен белгіленген құзырет шегінде жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      3) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      7) аудандардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      11) ауданның жер балансын жасау;

      12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      14) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      17) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

      18) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      19) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

      20) Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      21) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

      22) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты жүзеге асыру;

      23) жоғары тұрған органдарға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептілікті және ақпараттық құжаттарды дайындау және ұсыну;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басқаруды басшы жүзеге асырады, ол "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы Қарасу ауданының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының өкілеттіктері:

      1) "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері шеңберін белгілейді;

      2) "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      3) бұйрықтар шығарады және "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлеріне орындау үшін міндетті болатын нұсқаулар береді;

      4) заңнамада белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;

      5) "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда танытады;

      7) белгіленген еңбекақы қоры және қызметкерлердің штат саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ құрылымын бекітеді;

      8) азаматтарға және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      9) жеке-дара өкімдік қызмет арқылы сеніп тапсырылған органға басшылықты жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығына дербес жауаптылықта болады;

      10) жоғары тұрған лауазымды тұлғаның шешімдерімен қатаң сәйкестікте басшылықты жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады