"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарасу ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап, күнтізбелік жиырма күн ішінде, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) құрылтай құжатын тіркеу органына тіркеуге жіберу.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Радченко |
Қарасу | |
ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 21 сәуірдегі | |
№ 73 қаулысымен | |
бекітілген |
"Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ереже
1. "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі) экономика, бюджеттік жоспарлау және өңірлік даму салаларында функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі, 73.
10. Осы ереже Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру, мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асыру;
2) экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) Өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) мемлекеттік органның құзыреті шегінде мемлекеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
6) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту;
7) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен басымдықтарын, стратегиясын әзірлеу;
8) бюджетті әзірлеу.
14. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құзыретіне кіретін іс-шаралар кешенін орындау үшін талап етілетін мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату, есептер және басқа да мәліметтер алу;
2) тиісті мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызмет саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға;
3) аудан әкімдігінің қарауына аудан дамуының басымдықтары мен бағыттары бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аудан бюджетін бекіту, нақтылау және түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу;
2) аудан аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу және мониторинг жүргізу;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкестігін қарау, қорытындылар қалыптастыру және оларды ауданның бюджеттік комиссиясына жолдау;
4) кезекті жоспарлы кезеңге арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлеу және бюджетті нақтылау мен түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
5) Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу, инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындылар дайындау;
6) Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау;
7) "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) ауданның орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру;
2) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның бюджеттік комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
4) Өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) басым Бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
6) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
7) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне басшылықты экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының өкілеттігі:
1) Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылымын, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, бұйрықтар шығарады, қаржылық құжаттарға қол қояды, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің атынан өкілдік етеді;
6) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
8) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
10) Өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.