"Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 49 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі Ғ. Бекбаев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 11 сәуірдегі
  № 49 қаулысымен
  бекітілген

1. Жалпы ережелер

      1. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) аудан аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:

      1) "Меңдіқара орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі;

      2) Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Юбилейный" Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      3) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 111300, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 4 а.

      10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

      2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;

      3) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

      5) талантты тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

      6) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, зерттеу және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу;

      7) Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау;

      8) ауданда дене шынықтыру мен спортты насихаттау және дамыту, спорт резервін дайындау үшін жағдай жасау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің, оның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінікте беру;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттері.

      15. Функциялары:

      1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

      2) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдары қызметінің мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;

      3) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;

      4) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      5) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйінің мониторингін қамтамасыз етеді;

      6) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізеді;

      7) облыстың атқарушы органдарына бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгертуге ұсыныстар енгізеді;

      8) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      10) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, спорттық разрядтар береді, спортшыларды спорттық разрядтардан айырады;

      11) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі, біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      12) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;

      13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) Бөлімнің құрылымын, құрылымдық бөлімшелері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда әрекет етеді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

      7) Бөлім қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) Бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады