"Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 90 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі Қ. Әбішев

  Науырзым ауданы әкiмдiгiнiң
  2022 жылғы "18" наурыз
  № 90 қаулысымен
  бекітілген

"Науырзым ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі) Науырзым ауданы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекараларының шегінде газ және газбен жабдықтау және мемлекеттік қадағалау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны - Науырзым ауданы әкімдігінің "Наурзум сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.

      3. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуга құқылы.

      7. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 1.

      10. Осы Ереже "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) автомобиль жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуін ұйымдастыру және көлік, жол инфрақұрылымын дамыту;

      2) автожол саласының қауіпсіздік деңгейін арттыру;

      3) тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру;

      4) адамдардың тіршілік етуіне қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық орта жасау;

      5) ведомстволық бағынысты кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу;

      6) меншік нысанынан тәуелсіз ауданды жылу және электр энергиясымен, сумен, отынмен тұрақты жабдықтауда қатысушылардың (жабдықтаушылар мен тұтынушылардың) барлығын жедел үйлестiру;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      8) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

      9) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      аудан әкіміне және әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, ауданның даму басымдықтары мен стратегиясы туралы ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде жеткізушілерге міндетті нұсқаулар мен нұсқаулар береді;

      аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      аудан мекемелерінің, кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құрылымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тексеру, сараптама және кеңес беру және комиссия жұмысына қатысу үшін тартуға;

      аудан аумағында энергетикалық қызметтің барлық субъектілері орындауға міндетті болып табылатын энергетикалық саясатты іске асыру мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;

      заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беруге;

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынуға.

      2) Міндеттері:

      Кәсіпкерлік кодексте белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде бақылау мақсатында энергетика, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне баруға;

      ауданның қаржы-несие, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты бойынша шешімдерді әзірлеу, талқылау үшін қалыптастырылатын консультативтік комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көп пәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызмет көрсету бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен жеке және заңды тұлғаларға өтініш бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы салаларында заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) аудан кәсiпорындарының күзгi-қысқы жағдайларда және су тасқыны кезіңде жұмысқа дайындығын бақылау және дайындық жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) аудан елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, санитарлық тазалау айлықтарын ұйымдастыру;

      3) аудан инфрақұрылымы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың басым бағдарламаларын талдау, түзету және жүзеге асыруға жәрдем ету;

      4) тұрғын-үй-коммуналдық қызметтер, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бәсекелестік рыногын дамыту;

      5) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      6) энергияны үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, жолаушылар көлігін және автомобиль жолдарын дамыту жөніндегі іс-шараларды бақылау;

      7) жобалардың мемлекеттік сараптамасының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс-әрекеттер жасау;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпы пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;

      9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      10) энергетика, тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік саясатты және аудан инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

      11) меншік нысанына қарамастан ауданды жылумен, сумен, газбен және электр энергиямен, отынмен тұрақты жабдықтауға қатысушылардың (жеткізушілер мен тұтынушылар) өзара іс қимылын үйлестіру;

      12) заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      14) Науырзым ауданы бойынша аумақты дамыту бағдарламасына талдау және мониторинг жүргізу;

      15) 0,07 мега Паскальдан жоғары қысымда және (немесе) 115 градус Цельсийден жоғары су жылыту температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғыларды (жылумен қамтамасыз ету ұйымдары) пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қысымы 0,07 мега Паскальдан жоғары, көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифттер, траволаторлар, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүгедектерге (мүгедектерге) арналған көтергіштерді мемлекеттік қадағалау;

      16) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты, оның ішінде елді мекендер шекараларының шегінде мемлекеттік бақылау:

      16-1) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімін сақтаумен, ағымдағы және жинақ шоттарын ашумен;

      16-2) объектідегі және көп пәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтағы пәтер иелерінің ортақ мүлкін, тұрғын емес үй-жайды пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

      16-3) көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу, энергия, газ және су ресурстарын есептеудің үйге ортақ аспаптарының болуы;

      16-4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуына;

      16-5) көп пәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      16-6) анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын;

      16-7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтау және ЖСҚ дайындау бойынша конкурс өткізу;

      16-8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасы;

      16-9) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына;

      17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы салаларында өзге де функцияларды орындау.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының өкілеттіктері:

      1) "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      5) "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлер орындауы міндетті бұйрықтарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктерді іске асырады.

      Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады