"Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 131 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына, "Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының 2021 Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте;

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органдарда мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, осы қаулының қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалаын жіберуді;

      3) осы қаулын оны ресми жарияланғанынан кейін қол қойылған күнінен бастап және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның филиалына жіберуді қамтамасыз етсін және Қостанай облысы бойынша ресми Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілген кұнінен кеін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов

  Беиімбет Майлин
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "19" сәуір
  № 131 қаулысына
  қосымша

"Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 12.09.2023 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты) әкімнің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты ведомстволары жоқ.

      3. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60.

      10. Осы Ереже Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппаратына Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын іске асыру;

      2) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және олардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, ауданда мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың және әлеуметтік және экономикалық процестерді басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, осы мақсаттарда жергілікті атқарушы биліктің барлық органдарының келісілген жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жоғары тұрған орталық мемлекеттік органға қатысты қабылданатын өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттігі:

      1) Құқықтары:

      аудан әкімі мен әкімдігінің мүдделерін білдіру;

      аудан әкімі мен әкімдігінің құзыреті мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан құзыреті шегінде сұрау салулар жіберу және қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алу;

      аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретінің мәселелері бойынша қажетті тапсырмалар беру (келісім бойынша);

      тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

      15. Функциялар:

      1) "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда орындаушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізеді;

      2) әкімдік отырыстарын, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады, әкімдік мүшелерінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсынысы бойынша әкімдік отырыстарында қарау үшін тоқсан сайынғы мәселелер тізбесін жасайды;

      3) әкімдіктің іс қағаздарын жүргізеді және әкімдікке, әкімге келіп түсетін хат-хабарларды өңдейді, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түсетін ақпаратты, сондай-ақ әкімдік пен Бейімбет Майлин ауданы әкімі құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинауды, өңдеуді қамтамасыз етеді;

      4) әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің, "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының жобаларын дайындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      7) аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге заң қызметінің тікелей қатысуын қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін қабылдауды, Мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ жинауды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;

      8) құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      9) "Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

      10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен әкімдік бөлімдеріне қатысты келіп түскен әкімшілік актілерге, әкімшілік әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдарды қарауды жүзеге асырады;

      11) әкімдіктің интернет-ресурсын қолдауды және дамытуды қамтамасыз етеді, ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      12) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрларына мониторингті жүзеге асырады;

      13) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      14) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау жөніндегі бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      15) ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      16) функционалдық блоктар бойынша жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын бөлу жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      17) терроризмнің алдын алу, оның салдарын азайту және (немесе) жою саласында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      18) өңірлік деңгейде төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және жоюға бағытталған Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      19) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      20) әкім мен әкімдік шығарған актілерді тіркеуді жүргізеді, тиісті ресімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;

      21) Құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту жолымен, іс жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуді жүзеге асырады;

      22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарларының және "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;

      23) аудан әкімдігіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапасын, қарау мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады;

      24) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен (бұдан әрі - ҚБП) жұмысты жүзеге асыру, құжаттардың уақтылығы мен орындалу сапасын бақылау;

      25) аудан әкімі аппаратының істер номенклатурасын әзірлеуге, белгіленген тәртіппен ведомстволық мұрағатқа берілгенге дейін істерді жедел сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етуге;

      26) құрылымдық бөлімшелерде істерді ресімдеу мен қалыптастырудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;

      27) аудан әкімі мен әкімдігінің ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттары бланкілерінің техникалық ерекшеліктерін және жобаларын әзірлеуге, қолданыстағы стандарттарға сәйкес бланкілік өнімге, сондай-ақ конверттерге, мөрлер мен мөртабандарға тапсырыс беруді және есепке алуды қамтамасыз етуге;

      28) аудан әкімінің елтаңбалық мөрлерін сақтауға;

      29) белгіленген қағидаларды бұза отырып дайындалған құжаттарды пысықтауға қайтаруға;

      30) әкімдік бөлімдерімен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      31) жергілікті деңгейде ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      32) "Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты" ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – АЖ) енгізуді, оның жұмыс істеуін және жұмысын қамтамасыз ету;

      33) қолма-қол, сондай-ақ "Е-лицензиялау" АЖ "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру;

      34) өңірлік деңгейде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      35) мемлекеттік наградалармен наградталатын адамдардың деректер базасын қалыптастыруды жүзеге асырады;

      36) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің, аудандық мәслихаттың депутаттарының, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сайлаушылар тізімін жүргізуді жүзеге асырады;

      37) алқабилерге кандидаттардың алдын ала тізімдерін жүргізу және өзектендіруді қамтамасыз ету арқылы алқабилердің қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуына байланысты қоғамдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      38) әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;

      39) Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппараты бюджетінің жобасын, бюджеттік бағдарламаларды, қаржыландыру жоспарларын әзірлейді;

      40) аудан әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      41) материалдық құндылықтарды түгендеуді, нәтижелерді уақтылы және дұрыс айқындауды және оларды есепте көрсетуді ұйымдастырады;

      42) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жанындағы шақыру учаскесін қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуіне бақылауды жүзеге асырады;

      43) аудан әкімдігі мен әкімі аппаратының регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      44) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшылығы "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысы орынбасарлары жоқ.

      19. Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысы өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      2) сенімхатсыз "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

      3) "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      4) "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      5) бұйрықтар шығарады;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза тағайындайды, босатады, қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін аудан әкімінің орынбасары орындайды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес.

      19. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады