"Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 87 қаулысы

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Федоров
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "28" сәуірдегі
  № 87 қаулысымен
  бекітілген

"Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекетік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Бөлімнің, егер Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексімен бекітілген белгіленген тәртіппен "Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, басқа да актілерімен ресімделген шешім қабылдайды.

      7. "Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штаттық санының лимиті мен құрылымы Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілеріне сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылдық округі, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53.

      9. Осы ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Бөлімге "Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерін орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңды актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттер:

      1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) жер заңнамасының, аудандық өкілетті және атқарушы органдардың шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету.

      13. Өкілеттіктері.

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдары мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату, Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

      өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болу;

      2) міндеттері:

      - Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және (немесе) әкімінің шешімдері, өкімдері, қаулыларының жобаларын жобаларды әзірлеу;

      - пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлердің анықталуы туралы аудан әкімін және әкімдігін хабардар ету;

      - жер учаскелерін беру, алып қою және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындау;

      - аудан жерлерін аймақтарға бөлу және оларды ұтымды пайдалану жобаларын (схемаларын) әзірлеу;

      - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау.

      14. Функциялар:

      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін қоғамдық сервитутты белгілеу жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, аудан жерлерін тиімді пайдалану бойынша жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық маңызы бар жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

      12) ауданның жер балансын жасау;

      13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      16) Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағының алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарды жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстарын дайындау;

      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      19) пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуымен пайдаланатын жерлерді айқындау;

      20) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

      22) құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету.

3-тарау. Мемлекеттік органы басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. Бөлімге басшылықты "Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      16. Бөлім басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда мемлекеттік мекемені білдіреді;

      2) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      4) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      6) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларына сәйкес қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады жылғы № 1127;

      7) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің штат саны шегінде бөлімнің құрылымын бекітеді;

      8) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншіктенушімен табысталған, мүлкінің есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өз қызметінің және басқа да көздердің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қосқанда) құрылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік, коммуналдық меншіке жатады.

      21. Бөлімнің, егер Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе басқаша билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады