"Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 90 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "___"_________
  № ___ қаулысымен
  бекітілген

"Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Федоров ауданының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.

      3. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәкес Қазынашылықтың басқармасында есеп шоты бар.

      5. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.

      6. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды мекен-жайы: 111900 Қазақстан Республикасы Қостанай облысы, Федоров селосы, Красноармейская көшесі, 53.

      10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел архитектуры, градостроительства и строительства Федоровского района".

      11. Осы Ереже "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттер:

      1) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, өз құзыреті шегінде аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      2) өз құзыреті мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді орындау бойынша есептерді дайындау және бақылауды жүзеге асыру;

      3) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыру;

      4) өндірістік және тұрғын үй мақсатындағы объектілерді салуға және қайта жаңартуға қатысу;

      5) ауданның қала құрылысы саясатының қызметін жүзеге асыру;

      6) ауданның бас жоспарына сәйкес елді мекендердің құрылысын бақылауды жүзеге асыру.

      15. Өкілеттіктер:

      Құқығы:

      1) ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан аудан аумағында орналасқан мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан, ауылдық округ әкімдері аппараттарынан белгіленген тәртіпте бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпарат алу;

      2) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті материалдарды меншік түріне қарамастан кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      Міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      2) аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына өздерінің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;

      3) Федоров ауданының объектілерін салу, реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарттар жасасу;

      4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар қызметіне талдау жүргізу, жұмысты жақсарту туралы қажетті ұсыныстар беру;

      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша кеңестер шақыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар ету;

      4) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      5) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылыстарды бұзу туралы актілерді есепке алуды жүргізу және тіркеу;

      6) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

      7) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, аудандық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерін, олардың күтіп-ұсталуын (пайдаланылуын) бақылауды сақтауды ұйымдастыру;

      8) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      9) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

      10) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;

      11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

      12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

      13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;

      14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      17. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде тәртіптік жазалар қолдану, көтермелеу және материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін білдіреді;

      6) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің саны шегінде "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      7) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      8) "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жүргізіліп жатқан жұмысқа дербес жауапты болады;

      9) "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      10) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауыстыратын адам жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлігі

      20. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады