Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Федоров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 182 "Федоров ауданының орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымшаның 33-тармағының 4-тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) енгізілген өзгеріс туралы Қостанай облысының Әділет департаментіне хабарлауын;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауданының әкімі Т. Исабаев |